Жаңалықтар

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

13.06.2016

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

– Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
DO-4               83 282,08 112 430,81

«Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама  басқармасы» мемлекеттік мекемесі (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, № 757 кабинет, анықтама үшін телефондар 8 (7172) 55-67-75, факс 8 (7172) 55-73-01, электронды пошта: (www.madeniet.astana.kz ) «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Өнер  бөлімінің  бас маманы- (1 бірлік, № 5-3, санаты D-О-4)

Функционалды міндеттері: Атқарушылық қызметтерді орындайды (зерделейді, жүйелендіреді, талдайды, анықтайды). Жетекшілік ететін мәдениет мекемелеріне жылдық, күнтізбелік жоспарлар жасауға әдістемелік жәрдем көрсетеді. Бөлім қызметінің талдау жұмыстарын өткізуге, жинауға, жүйеге келтіруге, статистикалық ақпаратты, есепке алуды жүзеге асырады. Шығармашылық ұжымдардың репертуарлық саясатын қалыптастырады, театрлық және концерттік ұйымдардың репертуарлық жағдайына жауапты. Бөлімнің іс жүргізуіне жауапты. Бөлімнің өкілеттігі шеңберінде ағымдағы хат-хабарларға жауапты. «Қуыршақ театры» МКҚК, «Наз» мсемлекеттік би театры» МКҚК, жұмысына басшылық етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Өнер, Білім, Құқық, Гуманитарлық ғылымдар, Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, Қызмет көрсету, саласындағы жоғары білім.«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12).

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалнама;бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) жалпы конкурс туралы осы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет.

Конкурс комиссиясы азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде (олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей беріледі) тапсырылған қоса берілген құжаттар тізімі көрсетілген мұқабада орналастырылған құжаттарды қарауға қабылдайды.

Бiлiмi туралы құжаттардың; еңбек қызметін растайтын құжаттың; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат; конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Астана қаласының Мәдениет,мұрағатар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді. Аталған лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен бірге мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының,Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың),коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

24.11.2015

«Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ
Өнер бөлімінің бас маманы

«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекетік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына

05.05.2015

. Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу  бөлімінің бас маманы  (D-О-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік   қызмет өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін. скачать

19.02.2015

«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекетік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
(инд. 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, анықтама телефондары: 8(7172) 55-67-75, факс 8(7172) 55-74-11,757 кабинет, (www.madeniet@astana.kz)

1. Өнер бөлімінің бас маманы (негізгі қызметшінің бала күтімі демалысы кезеңіне) (D-О-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін. скачать

08.10.2014

«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекетік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
(инд. 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, анықтама телефондары: 8(7172) 55-67-75, факс 8(7172) 55-74-11,757 кабинет, (www.madeniet@astana.kz)

1.Басшының орынбасары (D-О-2 санаты, 1 бірлік). лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 125564 теңгеден 169767 теңгеге дейін. скачать