Клезмерлік музыка фестивалі Астанада

12.06.2017

2017 жылдың 5 тамызында Астанада «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда Халықаралық клезмерлік музыка фестивалі өтеді. Фестиваль Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Австрия және Израиль мемлекеттерінің елшіліктерімен ұйымдастырылды.

«Кле-змер» термині идиш тілінде «құралдар» және «әуен» деген мағынаны береді. Клезмер шығысеуропалық еврей фольклорынан және көрші халықтардың музыкасынан шыққан. Әуел бастан клезмерлік музыка еврейлердің үйлену тойларында орындалып келді.

Клезмерлік музыка – көңілді және нәзік, әр әнде жеке хикая әңгімеленеді, көпшілік билемей жай тұра алмайды.

Клезмер стилінде әрлеу еуропалық мемлекеттерде көптеген көше жанрларын орындаушылар арасында кеңінен тараған.

Астанада өтетін Халықаралық клезмерлік музыка фестиваліне Großmütterchen Hatz & Klok (Австрия) және Di Gasn Trio (Израиль) топтары қатысады.

Großmütterchen Hatz Klok (Австрия)

Музыкальный стиль группы органично сочетает в себе беспрерывное звучание различных жанров, переходя от современного джаза на чарующие ритмы балканской музыки, от меланхолических нот клезмерской мелодии на современную камерную музыку, охватывая также фольклор, народную музыку, поп, фанк и рок.

 

Австрияның музыкалық әралуандылығының ерекшелігін біріктіретін топ. Ерекше орындау мәнерімен топ қазіргі заманғы музыканың жаңа бөлімін ашады, және онымен кездескенде әрқашан көптеген жаңашылдықтар көруге болады. Вокал, аккордеон, саксафон және соқпалы аспаптардың үйлесімділігі дыбыстық отшашу іспетті. Топтың музыкалық стилінде түрлі жанрлар дыбысы үздіксіз үйлесім тапқан, қазіргі заманғы джаздан Балқан музыкасының ерекше ырғақтары, клезмерлік әуеннің меланхолиялық   ноталарынан заманауи камералық музыкаға дейін, сондай-ақ, фольклорлық, халық музыкасын, поп, фанк және рок сияқты жанрларды қамтиды.

Di Gasn Trio (Израиль)

Израильде және одан тыс жерлерде танымал трио. Үш дос Иерусалим музыка академиясының залында кездескен екен. Содан бері бірге клезмерлік музыканы орындап келеді. Музыканттар тәжірибелер жүргізеді, сондықтан олардың әрбір концерті – бұл ұмытылмас шоу. Топ көше билерінің сиқырлы дыбыстарын орындайды. Көрермен үш достың кездесуін ғана емес, сонымен қатар, түрлі музыкалық стильдегі ғажайып импровизацияны да тамашалайды. Осылайша, музыканттар еврей фольклорлық мәдениетін сақтауға және жаңартуға тырысады.

Олардың музыкасы – бұл клезмер мен балқан әуендері бірегей өңделген, көтеріңкі көңіл күй, аккордеон мен контрабас қосылатын жер.

Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы