Астанада фин музыкасының тегін концерті өтеді

12.06.2017

18 маусымда сағат 19:00-де Астана әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда фин музыкасының «Солтүстік сиқыры» концерті өтеді.  Концерт Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына орайластырылған және Финляндиядағы бауырлас қала Оулустың тартуы болып табылады.

Оулу және Астана бауырластық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылған 2013 жылдан бері ресми әріптес болып табылады.

Концертте Финляндия мен Қазақстаның бірқатар танымал артистері мен орындаушылары өнер көрсетеді, атап айтқанда, күміс дауысты әндердің авторлары халықаралық аренада белгілі фин әншісі Вениор (Venior). Ол Финляндияда туған, бірақ Лондонда және Стокгольмде тұрады және музыкамен айналысады. Әнші күллі әлемді шарлап, көптеген белгілі артистермен және әндердің авторларымен, продюсерлермен және ди-джейлермен жұмыс істейді. Вениор (Venior) музыкасы – бұл түрлі жанрлардың қосындысы. Шара өзінің ғажайып шоуын төрткүл дүниеге таныстырып жүрген фин сиқыршысы Йони Паканеннің шоуымен жалғасады.

Кештің ерекше қонағы әуе гитарасында ойнау бойынша дүниежүзілік чемпион Джастин «Северный гром» Говард, ол өзінің шеберлігін Air Guitar World Championship дәлелдеген. «Северный гром» өзінің көрінбейтін гитарасында Катардың құм төбелерінен Арктикалық шеңберге дейін жүріп өтеді, бейбітшілік, махаббат пен түсіністік туралы жолдауды өнер арқылы таратады.

Сонымен қатар фин орындаушыларымен бірге сахнада Айқын Төлепберген өнер көрсетеді. Кеш жүргізушісі – ағылшын және фин тілдерінде 1000-нан астам шара ұйымдастырған Лаури Саловаара.