Евгений Плющенко Астананың туған күніне мұз айдынындағы шоу тарту етеді

Әлемдік турне аясында Евгений Плющенко  Астанада мұз айдынында ғажайып «Щелкунчик» шоу ертегісін көпшілік назарына ұсынады. Бағдарлама елорданың 19 жылдығына керемет сый болмақ.

Шілденің 6-сы мен 15-сі аралығында «Барыс Арена» стадионында елорда тұрғындары мен қонақтары ең үздік мәнерлеп сырғанаушылар мен мұздағы әлемдік акробаттардың, олимпиада мен хаалықаралық жарыстардың чемпиондары – Евгений Плющенко, Ирина Слуцкая, Никита Михайлов, Анастасия Мартюшева, Нодар Маисурадзе, белгілі канадалық мәнерлеп сырғанаушы Эмануэль Сандю мен басқаларының өнерін тамашалайды. Мұз айдыны мәнерлеп сырғанаушылардың өнерін тамашалайды. Шоу Петр Чайковскийдің музыкасына жазылған неміс жазушысы-романтик Эрнст Гофманның «Щелкунчик и Мышиный король» ертегісінің желісі бойынша қойылған. Көрермендер алдында үздік мәнерлеп сырғанаушылар мен мұздағы акробаттар әдемі костюмдер киіп, әсерлі голограммалар мен бейнеэфффектілердің сүйемелдеуімен өз өнерлерін ортаға салады.

Осының барлығы қойылымға сиқырлық береді және шоу балаларды да, ересектерді де тәнті етпек, олар сиқырлық шынайыылыққа айналатын, ал Щелкунчик (Шерткіш) Тышқандар королімен шайқасатын ертегіге түседі.

Айта кетейік, «Щелкунчик и Мышиный король» шығармасы көптеген театрландыырылған және көркем жобаларда сәтті пайдаланылған, бірақ ертегі мұз айдыынында алғаш рет көреррмендерге жол тартпақ.

Евгений Плющенко – он дүркін Ресей чемпионы, жеті дүркін Еуропа чемпионы, үш дүркін Әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және екі дүркіін Олимпиада чемпионы. Елордалық көрермендер танымал мәнерлеп сырғанаушының шығармашыылығымен таныс. Өткен жылы спортшы Астанада «Снежный король — 2. Возвращение» әлемдік шоуын қойып, көпшілік назарына 6 шоу ұсынған болатын, оның бәрі де аншлагпен өтті.

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы