Астана қаласы әкімінің Кубогы үшін караоке чемпионатына 75 адам қатысады

13.06.2017

Астана қаласы әкімінің Кубогы үшін караоке бойынша «Бәрі де ән шырқайды!» чемпионатының бірінші іріктеу кезеңі болып өтті, жалпы чемпионаттың барлық кезеңдерінде біліміне және қызмет түріне қарамастан 75 адам қатысатын болады. Олардың барлығы өте талантты, және олардың әрбірі ақтық мәреде тек жалғыз адамға – ең үздік орындаушыға ғана бұйыратын, аңсаған Әкім Кубогын иеленгісі келеді.

Қатысушылар үш апта бойы жобаның бірінші кезеңіне дайындалды. «Ретро» тақырыбындағы әндер таңдалғаннан кейін орындаушылар вокал және хореография бойынша үйрететін кәсіби педагогтармен күн сайынғы дайындықтарға кірісіп кетті.

Көптен күткен оқиғаны ашқан жоба жетекшісі, «Жастар» Сарайының директоры Сергей Солодовников құттықтау сөз сөйледі:

«Мен жанкүйерлердің қатысушыларды қолдап келіп отырғандарына өте қуаныштымын. Расында, құрметті қонақтар, біз байқауды мейлінше қызықты етуге, біріншіден, қатысушылар үшін қызықты қылуға бар күшімізді салдық. Оларды көптеген тосынсыйлар мен тапсырмалар күтуде. Біздің неге алып келетінімізді сіздер Астана күндерінде «Жастар» Сарайының жазғы алаңында көре аласыздар. Баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Мен дайындық кезінде естіген жайттарға қарағанда бүгін жоғары балл үшін жеткілікті деңгейде шындап шайқас болғалы тұр. Сіздердің дауыстарыңыз әрқашан сыңғырласын, сіздердің жүректеріңіз әрқашан ән шырқасын!».

Жалпы әнмен байқау бөлігін, «Круче всех!» командасын аштық, жаттықтырушылары Айман Алимханова-Турибаева және Адыл Эркинбаев. Тамаша өнер көрсеткені ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Ал толассыз ду қол шапалақты көрермендер құмарпаз балықшы стиліндегі «Unchained melody» әнін орындаған Ерлан Ахановтың және Наргиз Кудренованың өнеріне тарту етті. Қыз Уитни Хьюстонның «I will always love you» әнін тамаша орындап шықты. Көрермендердің жүректерін түбегейлі және біржолата жаулап алған жауһарлар Қайрат Жақсыгелдинов және Саят Ерсаинов – «Little Tutti Frutti» және «Пилоты» әндерімен жұртшылықты тәнті етті.

Қатысушылардың эмоциялары шкала бойынша бағаланды. Бірінші болып Анар Абдильдина сөз сөйледі, ол өзін скрипкамен сүйемелдеп шықты.

– Мен өте байсалды болдым, караоке бойынша байқау ғой – міне мен ортаға шығып, достарыммен бірге ән айтатындығымды еш қобалжусыз, бойымды еркін ұстап тұрып мәлімдеп шықтым және содан ләззат алдым. Жұмыста мен классикалық музыка аясында болғандығыма қарамастан маған ирландиялық көмейлік колорит сынды әндер ұнайды,деп «Астана Опера» оркестрінің әртісі өзінің әсерімен бөлісті.

Чемпионаттың бірінші кезеңінде төреліктің қиын міндеті кәсіби әділқазыларға жүктелген, оның құрамында «Жастар» Сарайының директоры Сергей Солодовников, әйгілі орындаушы, «X Factor» жобасының финалисті Владимир Лигай және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласының Мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы Татьяна Хасьянова бар.

Сонымен, караоке бойынша Чемпионаттың бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша көш бастаушы Ерлан Аханов, Алибек Ильясов, Асель Тулюбаева, Наргиз Кудренова, Акния Женис, Жамал Жиентаева, Кайрат Жаксыгельдинов, Саят Ерсаинов, Аскар Жусупов, Айнур Гафурова, Шакизада Карапиден, Айгерим Токшаева, Айгерим Муашева, Зинаида Крикунова, Мадина Мальсагова и Нургуль Утинова.

Биылғы жылы ұйымдастырушылар қатысушыларды «таратпауға» шешім қабылдаған, оларға тағы да келесі екі кезеңде өнер көрсетуге мүмкіндік берді. Ақтық мәреге неғұрлым көбірек балл жинаған қатысушылар өтеді.

Чемпионаттың екінші кезеңі 2017 жылдың 24 маусымында өтеді, ал ауқымды жартылай ақтық мәре мен ақтық мәре 2017 жылғы 5-6 маусым күндері, Қала күнін мерекелейтін күндері өтеді. Жеңімпаздар үш топта «Караоке-2017 чемпионы» атағын иеленіп, ақшалай марапатқа ие болады. Барынша көп балл жинаған Чемпион Астана қаласының Әкімі Кубогының иегері болады.

Анықтама:

Караоке бойынша «Бәрі де ән шырқайды!» Чемпионаты ешқандай да шектеу қойылмайтын, қатысуға ниет білдіруші тұлғалардың барлығы да қатыса алатын Қазақстандағы жалғыз жоба болып табылады. Талантты әншілер – ән әуесқойлары мен жартылай кәсіби әншілер жанды дауыста және тепе-тең жағдайда чемпионаттың басты жүлдесі – Астана қаласы Әкімінің Кубогы үшін жарысқа түсетін болады.