Белгілі бразилиялық баркер астаналықтарды тегін жаттықтырады

 

Бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері Марко Алмейдажаз бойы Fitness Park Astana жобасы аясында елордалықтарды тегін жаттықтыратын болады, деп мәлімдеді Астана әкімдігінің медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында джиу-джитсудан үш мәрте әлем чемпионы Қанат Алин.

Тегін спорттық жаттығулар әр жексенбі сайын сағат 10.00-де қаланың орталық саябағында өтеді. Ашық аспан астындағы жаттығулар алты бағыт бойынша жүргізіледі. Мұнда кез келген адам сrossfit, zumba, combat-battle, джиу-джитсу, йога және у-шу бойынша жаттыға алады.

– Бапкерлеріміздің барлығы әлем чемпиондары мен халықаралық дәрежедегі шеберлер. Біз жаттығуға ең мықты деген шеберлерді шақыруға тырысамыз. Биыл жаз бойы астаналық спортшыларды бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері, әлем чемпионы Марко Алмейда жаттықтырады. Салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үшін бұл өте жақсы мүмкіндік, – дейді Қ.Алин.

Әр жексенбі сайын орталық саябаққа жүзден астам адам жиналады. Ең бастысы бұқаралық жаттығуға жас ерекшелігіне қарамастан кез келген адам қатыса алады. Сонымен бірге, осы жылы орталық саябақтан бөлек «Жерұйық және студенттер  саябағында да жаппай жаттығулар өткізіле бастады.

http://astana.gov.kz