«Бәйтерек» монументі реконструкциядан кейін қонақтарды қарсы алуға дайын

Қазақстанның елордасының символы – «Бәйтерек» монументі күрделі жөндеуден кейін есігін айқара ашады. «Бәйтерек» 2017 жылдың 5 қаңтарында реконструкцияға жабылды, қалпына келтіру жұмыстарын «Базис-А» компаниясы жүргізді. Ғимаратта реставрациялық жұмыстар қолға алынып, ескерткіштің ішкі безендірілуі өзгертілді.

Монументті күрделі жөндеу барысында бірқатар техникалық жұмыстар жүргізілді, атап айтқанда, мәрмәр плиткалар, баспалдақ марштары ауыстыру, нысанның металл конструкцияларын антикоррозиялық жабынмен өңдеу және бояу, санитарлық тораптардың жабдықтарын, соның ішінде халықтың аз мобильді топтары үшін, витраждарды ауыстыру, нысанның конструкциясының жоғарғы бөлігін күшейту. Бұдан басқа, ішкі безендірілуі де өзгерді, пайдаланылатын материалдан бастап, кофехана, кәдесыйлар салоны мен киім шешетін орынға дейін.

Тағы да бір жаңашылдық – бөлек LED-экраны бар қазіргі заманғы өнер галереясы ашылды, сондай-ақ монументтің фойесіне габаритті иілген LED-экран орнатылды. Монументтің төбесіндегі аспанда самғап жүрген Самұрық құстар түріндегі аспалы шам да келушілерді тәнті етпек.

Жөндеу жұмыстары кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардың да ғимаратқа кіруіне жағдай жасау мәселесі қарастырылды.

Бұдан басқа, келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін кіру билеттері сатылатын терминалдар қойылды. Билеттердің бағасы – 15 жасқа дейінгі балалар үшін 300 теңге, ересектерге – 700 теңге. Жұмыс уақыты: 10:00-ден 22:00-ге дейін.

«Астана-Бәйтерек» монументі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынды. Бәйтерек – өмір ағашы, жас, берік, тамырын тереңге жайған ағаш. Концептуалды тұрғыдан ескерткіш Қазақстан халқының өмірінің жаңа кезеңінің символы болып табылады. Ең жоғарғы жағында 97 метрлік биіктікте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің оң алақанының ізі «Аялы алақан» композициясы орналасқан. ын тепкен. Бұл сан Астананы еліміздің бас қаласы деп жариялаған 1997 жылды білдіреді.

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы