17 маусымда Елордада Astana Art Fest-2017 фестивалінің ашылуы өтеді

16.06.2017

Алдағы демалыс күндері «Нұржол» желекжолында Astana Art Fest – ІІІ Халықаралыық қазіргі заманғы өнер фестивалінің ашылуына арналған керемет шоу өтеді. Көрермендер назарына аллегориялық формада биылғы фестивальдің негізгі идеясы «Nomad Energy» ұсынылады. Қойылым 17 маусымда сағат 20.00-да басталады.

Astana Art Fest-2017 шарасының ашылуы барысында көрермендер жарқын арт-обьектілерден басқа, арнайы фестивваль үшін әзірленген қызықты безендіруді, ерекше жарықтық және отты шоу, бірегей хореографиялық номердерді тамашалайды. Салтанатты шараға Қазақстанның танымал балет артистері қатысады.

Шоуды қоюға AriZona show performance group би ұжымы, ауқымды шоулардың қоюшы-режиссері, «А6» арт-компаниясының креативті директоры Андрей Еремин (Киев қ., Украина) және театр режиссері, Қазақстандағы алғашқы тәуелсіз «ARTиШОК» театрдың негізін қалаушы және бас режиссері Галина Пьянова (Алматы қ., Қазақстан) шақырылды. Ресми ашылу салтанатының жетекшісі – театр продюсері, «Откровение» халықаралық атқарушылық өнер фестивалінің директоры Ольга Султанова (Алматы қ., Қазақстан).

Astana Art Fest – бейнелеу өнері, сәулет, мүсін, өнеркәсіптік дизайн, хореография және театр секілді бағыттарды бір алаңда тоғыстыратын жыл сайынғы кроссдисциплинарлық мультимәдениетті фестиваль. Astana Art Fest философиясы – шығармашылық энергиямен, тәжірибемен және біліммен, идеялармен шынайы алмасу. Нақ осы себептен фестиваль аясындағы барлық шаралар көрермендерді болып жатқан оқиғаларға тартуға есептелген.

Бірегей мультимәдениетті шара елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады, өнер, сәулет, мүсін, қазіргі заманғы өнер, өнеркәсіптік дизайн, музыка, театр, әдебиет және ғылым секілді бағыттарды бір алаңда тоғыстырады. ASTANA ART FEST жас таланттарға өз әлеуетін паш етуге, өз идеяларымен бөлісуге, сондай-ақ, өнер иелеріне жаңа жобалар туралы айтуға, көрермендерге өнерге араласуға және жаңа бағыттармен және мүмкіндіктермен, ғылыми және техникалық инновациялармен танысуға мүмкіндік береді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары алдыңғы фестивальдерге елсене қатысқан, олар барша әлемнен жиналған заманауи артистердің шығармашылығы мен креативтілігін жеткізетін осы бір алаңды ұнатады. Екі жылда фестивальге әлемнің 10 мемлекетінен 78 суретші қатысқан, ал келушілер саны жарты миллион адамнан асқан.

Аталған шараның хэдлайнерлері – эко-арттың негізін қалаушы Стивен Сигел (АҚШ), танымал акциондық Luzinterruptus арт-тобы (Испания), ағаш сәулеттің бірегей мектебінің негізін қалаушы Тотан Кузембаев (Россия), фестиваль жұлдызы «Burning mаn» Арагорн Дик Рид (АҚШ), орыс ленд-артының жалғыз өкілі Николай Полисский (Россия), DUNDU театры, Эдуард Казарян, «Кызыл Трактор» арт-тобы.

Фестиваль қатысатын белгілі қазақстандық авторлар: Эдуард Казарян, Қуаныш Базарғалиев, Сәуле Сүлейменова, Марат Сағит, Арыстанбек Шалбаев, Смайыл Баялиев, Саид Атабеков, Виталий Симяков және басқалары. Жалпы, шара барысында Қазахстан, Ресей, Франция, Украина, Испания, АҚШ, Германия, Армения, Жапония, Өзбекстаннан 60 аса автор өз туындысын көпшілік назарына ұсынады.

Сонымен қатар, Astana Art Fest аясында қазіргі заманғы өнер, сәулет пен  дизайн бойынша дәрістер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

 

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы