Елордада халықаралық Astana Art Fest-2017 фестивалі өтеді

17.06.2017

17 маусым күні Астанада Нұржол саяжолында ІІІ халықаралық заманауи өнердің Astana Art Fest-2017 фестивалі жұмысын бастайды.

Astana Art Fest – бейнелеу өнері, сәулет, мүсін, өнеркәсіптік дизайн, хореография және театр өнерлерін бір алаңда тоғыстыратын кросс-тәртіптік мультимәдени фестиваль. Шараға жыл сайын  Қазақстан, Ресей, алыс-жақын шетелдерден 72 автор қатысады. Бүгінгі күні көрмеге 50 жұмыс қойылған. 90 күн ішінде перформанс Елорда тұрғындары мен қонақтарын қуантпақ.

Фестиваль Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Шараның хедлайнерлері – Стивен Сигал, Арагорн Дик Рид, DUNDU театры, Эдуард Казарян, Сәуле Сүлейменова, «Қызыл трактор» арт-тобы.

Көрме Эльдар Хасанов, Роман және Михаил Беличко фестиваль сәулетшілерінің кіреберістегі топ туындыларымен басталады. Қонақтарды қозғалыстарды сезініп, түсін өзгертетін интерактивті аймақ қарсы алады.

–  Біз кіре берістегі топқа аса көңіл бөлдік, өйткені фестивальге келетіндер алдымен осы жерді тамашалайды. Меймандардың бірінші алған әсерлері мен көңіл-күйлері – біз үшін аса маңызды. Әдеттегідей, кіреберіске фестиваль тұжырымдамасын, фестивальдің материалдарына қарап отырып жазған менің ойын-ертегі еңбегім және барлық ақпараттар қойылды. Бұл ертегі бүгінгі кешкі шоудың негізгі бөлігіне айналады, – деді фестивальдің бас тәлімгері Яна Малиновская.

Фестивальдің ашылуына арналған ерекше театрландырылған шоу бүгін сағат 20:00-де басталады. Көрермендерді шараның басты идеясы – Nomad Energy тақырыбына негізделген ғажайып перформанс күтіп тұр. Номад энергиясы – бұл шығармашылық, адамзаттың күш-қуаты мен оны қоршаған кеңістіктің түрленуі. Бүгін Нұржол саяжолына келетіндер жарық сәуле мен отты шоуды тамашалайды, сондай-ақ, фестивальге арнайы дайындалған бірегей хореографиялық нөмірлер мен тұжырымдамалық музыкалық безендірулерді көре алады. Салтанатты ашылудың басты кейіпкерлері ҚР танымал балет әртісі – Досжан Табылды және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, балет әртісі – Жандос Әубәкіров.

Бүгінгі күні фестивальге барлық нысандар қойылған жоқ. Қала күніне орай, 6-8 маусым күндері Art Fest көрмесі павильонының ашылуы өтеді. Бұдан бөлек, осы күні қазақтандық және шетелдік театрлардың көше қойылымдары болады. Сонымен қатар, панельдік пікірталастар, шеберлік сыныптар, урбанистік тақырыптағы лекциялар мен өнердің экологияға ықпалы сынды тақырыптардағы Арт форум ұйымдастырылады.

Қала күнінде тап осы алаңда альтернативті қазақстандық музыканың концерті өтеді. Оған андеграундтық командалар қатыспақ. Мерекелік шара Керуен мен Шығыс шұғыласының ортасындағы Асхат Сәдуовтың жетекшілігімен урбанистік орталықтың сәулетшісі Әйгерім Оспанова жобалаған сулы-жасыл саяжолында өтеді. Жоба Есіл әкімдігімен бірлесіп жүзеге асты. Жаз бойы нетворкингті дамытуға арналған астаналық қоғамдастықтар жиналатын кеңістік VIP-Астана деп аталады.

Фестивальдің кеңістігі 7 бөлімнен тұрады: заманауи өнер, сәулет, өнеркәсіпті дизайн, музыка, театр және перформанс, fashion, nomad 2.0.

Сонымен қатар фестивальге келушілер сулы-жасыл саяжолында орналасқан коворкинг–аймағын да аралай алады. Ұйымдастырушылар аталған аймақтың ерекше болуына мән берген. Онда кез-келген адам акцияға қатыса алады. Шараның талабы – өзінің жеке затын қазақ батырларының кескіні бар жейделерге ауыстырулары тиіс. Қатысушылардан жиналатын заттар кейін қайырымдылық шараларына жіберіледі.

– Саналы ғұмырымды батырлардың ерлігіне қызығып, оларды салуға арнап келемін. Әрбір адам өзінің ұлтын ғана емес, ата-бабаларын да жақсы тануы тиіс. Бұл – біздің байлығымыз. Осыны насихаттау мен үшін аса маңызды.  Жастар өткенді оқып, танып, болашаққа бағдар алуы қажет деп санаймын, – дейді жейделердің авторы, Ресей суретшісі Әлібек Айлақаев.

Фестиваль үшін арнайы сәулеттік кескіндер жасалды: жылжымалы, кюммель, кіре берістегі топ, әуедегі «орман», коворкингтер, мамандандырылған павильондар мен мобильді дәмхана. Олардың барлығы энергия қозғалысын, ресурстарды үнемдеу және технология арқылы байланыс ұғымдарына негізделген.

http://astana.gov.kz