АҚШ ӘӘК-нің рок-тобы Астанада алғаш рет өнер көрсетеді

Ертең, 20 маусымда «Байтерек» монументінің алдындағы алаңда АҚШ ӘӘК жетекші Starlifter рок-тобы Open Air форматында тегін концерт өткізеді. Барша әлемге танымал әскери музыкалық ұжым Қазақстанда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өнер көрсетпек.

Рок-топтың ұжымы  кәсіпқой ұшқыштар, Құрама Штаттар армиясының әскери қызметкерлері.

Концерт Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігімен ұйымдастырылады. Басталуы сағат 19:00.