Астанада алғаш рет аспапты музыка фестивалі өтеді

24.07.2017

29 шілдеде Астанада «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда алғаш рет «Ready.Set.Loud!» аспапты музыка фестивалі өтеді. Тыңдармандар назарына түрлі жанрларды біріктірген және қазақстандық музыканың жаңа толқынындағы композициялар ұсынылады.

Фестивальге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде музыканы ерлер мен әйелдер вокалымен инди-рок, этно-джаз, альтернативті рок стилінде орындайтын қазіргі заманғы қазақстандық Existan, Nar, Celestial Whales, Far In Gate және Molto Loud топтары қатысады.

Фестиваль бағдарламасының шымылдығы DJ сетпен ашылады, және кеш барысында кәсіпқой жүргізушілер көрермендермен байланысты үзбей түрлі ұтыстар мен музыкалыық байқаулар ұйымдастырып отырады. Қатысушылар үшін бас жүлде екі электрогитара болмақ.

Фестивальді ұйымдастырушы – Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен Sound Lab Records қазақстандық рекорд лейблі. Басталуы – сағат 16.00.

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы