Астанада кунг-фу жауынгерлерінің бірегей шоуы өтеді

25.07.2017

Тамыздың 11-і мен 13-і аралығында Астанаға кунг-фу жауынгерлері келеді. Олар көрермендер назарына Kungfu revelations. 9 Scrolls (кунг-фу сыры) қойылымын ұсынады.

Шоу барысында артистизм элементтерімен аралас дәстүрлі қытайлық жекпе-жектер көрсетіледі. Бұл ежелгі қоян-қолтық ұрыстың мүлдем жаңа бір түрі. Баурап аларлық қойылым көрермендерді дәстүрлі Қытай мәдениетімен таныстырады. Жауынгерлердің айқын әрі үйлестірілген айла-әрекеттері медитативті практикалармен үйлесімділікте жақсы энергетика мен тыныштық сезімін тудырады.

Шоуды ұйымдастырушылардың айтуынша, Kungfu revelations – жанға жайлы жақсы терапия әрі демалыс болып табылады, өйткені шоуға қатысушылардың іс-әрекеттерін бақылаған кезде адамның денесі босаңсып, ол өзінің жаны мен тәнінің жаңа қырларын тани бастайды.

Бұл шоудың әлемде аналогы жоқ. Kungfu revelations – Шанхайда өткен “ЭКСПО-2010” көрмесінің визит картасы болған және төрткүл дүниеде кеңінен танымал.

Шоу «Астана» концерт залында өтеді. Билеттердің кұны 700 теңгеден 2000 теңгеге дейін. Билеттерді www.koncertyastany.kz сайтынан сатып алуға болады.

Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы