Күйші Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» атты мерекелік концерті

26.07.2017

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін күндері 26 шілдеде «Астана» концерт залының сахнасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, композитор Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» атты мерекелік концерті өтеді.

Сахна төрінде автормен бірге Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясының музыканттары, Клара Төленбаева, Гүлмира Сарина, Еркін Шүкмән, Ерлан Рысқали және т.б. өнер көрсететін болады. Концерттің басталуы сағат 19.00-де.

Секен Тұрысбеков – бармағынан бал тамған майталман домбырашы, Қазақтың даласын күмбірлі күйімен тербеткен дəулескер күйші,  екі ғасырдың арасын жалғаған қазақтың бір туар ұлы. Секен Тұрысбековтың “Көңіл толқыны”, “Қос жұлдызым”, “Ақ жауын” сияқты күйлері әр қазақтың жүрегінің төрінде орын алған. Көптеген күйлердің авторы Секен Тұрысбектің «Ұлы дала» күйіне өткен жылы бейнебаян түсірілген. Бұл туынды атына сай, қазақ жерін ерекше сипаттауы мен сүйемелдеу жағынан заманауи әрленіп, тыңдарманға өзгеше жаңалық алып келді.

Кейінгі уақытта қазақ халқы күйшіге зəру болған емес. Құрманғазы, Дина Нурпеисова, Жамбыл Жабаев, Нұрғиса Тілендиев, Қаршыға Ахмедияров, Қазанғап сынды атақты күйшілердің қазырғы таңдағы жалғасы – заманауи мыңнан тұлпар шыққан шертпе күйдің дара өкілі, күй өнерінің көшін бастап келе жатқан бірегей тұлға – Секен Тұрысбеков.

Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы