Бүгін Астанада кунг-фу жауынгерлерінің бірегей шоуы көрсетіледі

11.08.2017

11-13 тамыз аралығында Астанаға кунг-фу жауынгерлері келеді, олар Kungfu revelations. 9 Scrolls қойылымын көпшіліктің назарына ұсынады. 

Шоуда көне замандағы қоян-қолтық ұрысы қазіргі заманға лайықталып, дәстүрлі қытай жекпе-жегі көрсетіледі. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан бұл жекпе-жекте күн шығыс елінің мәдениеті, дәстүрі сынды маңызды құндылықтар қамтылмақ. 

Шоу ұйымдастырушылары атап өткендей,  Kungfu revelations кунг-фу жекпе-жегі адамдың мүмкіндігін аша түсетін, рух пен сананың одан сайын арта түсуіне ықпал ететін, адамға ләззат сыйлайтын шайқас түрі.

Бұл шоу әлемде теңдесі жоқ қойылым. Kungfu revelations бұл – ЭКСПО-2010 көрмесі кезінде аталмыш маңызды шараның әрі елдің «артықшылығы» болған, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген қойылым, әлемге танымал шоу. Елордада шоу «Астана» концерт залында өтетін болады. Билеттердің бағасы – 700-2000 теңге аралығында. Билеттердіwww.koncertyastany.kz сайтында сатып алуға болады.

http://astana.gov.kz/kk/