Құрметті Елорда тұрғындары мен қонақтары!

28.08.2017

Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша депаратаментімен бірлесіп Астана қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 31 тамызында сағат 15:00 ден 17:30 дейін Астана қаласы, Кеңесары көшесі, № 32 мекен-жайы бойынша Астана концерт залы ғимаратында Ашық есік күнін өткізеді.

Қала тұрғындарына мәдениет саласы бойынша (мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мұрағат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, кадр мәселелері мен мәдени-ойын-сауық), мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметшілердің этикасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттті қалыптастыру бойынша сұрақтарға жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың мамандары консультациялық кеңестер береді.

 

Біз Сіздерді күтеміз!

Анықтама телефондары: 8 (7172) 55-74-24, 55-67-76.