Дмитрий Харатьян Астанада өнер көрсетті

28.08.2017

Астанада Мәскеу күндері аясында «Қазақстан» орталық концерт залында театр және кино актері, Ресей халық артисі Дмитрий Харатьянның шығармашылық кеші өтті. Бұндай сый көпке дейін елордалық театр сүйер қауымның жадында қалмақ. Өз заманының символы оры Дориан Греймен кездесуге көрермендер гүл шоқтарын ала келіпті. Кеш өткен камералық зал лық толы болды.

– Қайырлы кеш! – деп бастады кешті Дмитрий Харатьян қазақша сөйлеп. – Мен осы халықты, мемлекетті, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлерін аса құрметтеймін. Қазақстанға жиі келіп тұрмасам да, әрқашан да жылы қарым-қатынастарыңызды, мейірімділіктеріңізді сезініп тұрамын. Бүгін сіз бен біздің өміріміздің тарихына қысқаша шолу жасаймыз. Аудиторияның басым бөлігі – ересек жандар, меніңше, менімен бірге еске түсіретін жайттарыңыз баршылық.

Ностальгиялық кеште жылы атмосфера орнады. Артист барша қауымның көзайымына айналған өзі түскен фильмдерден композициялар орындады. Алғашқы әндердің бірі «Розыгрыш» фильмінің соңында ойнаған «Школьный вальс» болды. 1977 жылы экранға шыққан картина 17 жасар Дмитрий Харатьянның тұңғыш еңбегі болып, оның үлкен киноға жолын ашқан еді.

Кеш барысында актер түсірілім кезінде орын алған қызықты деректермен және күлкілі әңгімелерімен бөлісті. Мысалы, Игорь Грушконың (Харатьянның кейіпкері) күлгін түсті үлпілдек шашын гримерлар қолдан жасаған екен. Артистің шашын кәдімгі көшірме қағаздың көмегімен бояған, сондай-ақ құлағын талай рет күйдіріп, ыстық қысқашпен бұйралаған.

«Розыгрыш» фильмінен кейін Харатьян «Зеленый фургон» атты картинаға тоқтала кетті, Бірнеше аптадан кейін оның жалғасы түсірілетін болады. 16 сериялы фильмде оның кейіпкері Володя Патрикеевтің соғыстан кейінгі жылдардағы тағдыры туралы айтылады, деп актер өз құпиясымен бөлісті.

Мұнымен қоса, актер алпысыншы жылдардағы ақындар Булат Окуджава және Евгений Евтушенконың шығармаларын орындады, көрермендер Владимир Высоцкийдің репертуарынан орындалған әндерді де тыңдады.

Залда жиналғандар да тыс қалмай, актермен бірге қосылып ән айтып жатты, кейбіреулері тіпті Дмитрий Харатьянмен бірге сахнада дуэтпен де орындады.

Бұдан басқа, актер танымал «Гардемарины, вперед!», «На Дерибасовской хорошая погода, или на Брайтон-Бич опять идут дожди» сынды фильмдер туралы да айтып өтті. Оның айтуынша, соңғы фильмнің эпизодтарының бірі Атлантик Сити қаласында Дональд Трампқа тиесілі «Тадж Махал» ойын-сауық кешенінде түсірілген екен. Орталық барлау басқармасының агенті Мэри Стардың рөлін Келли Макгриллдің орнына Мила Йовович сомдауға тиіс болған екен. 

Көрермендер ду қол шапалақтап, сүйікті артисін сахнадан көпке дейін жібермеді. Астана әкімі Әсет Исекешевтің атынан Дмитрий Харатьянға гүл себеті табыс етілді.

Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы