Астанада алғашқы «Астана дауысы» халықаралық фестивалі өтті

28.08.2017

Жексенбі күні «Астана дауысы» бірінші халықаралық фестивалі елорда кешінің көркін қыздыра түсті. Ел өміріндегі басты музыкалық оқиғалардың бірі Бейбітшілік пен келісім сарайында өтті. Сахнада радиостанциялар мен хит-парадтардың көптеген рейтингтерінде ең үздік орындардан табылған әлемнің 15 жарқын жұлдызы өнер көрсетті. Олардың әрқайсысына музыка саласының дамуына үлес қосқандары үшін диплом мен естелік мүсіндер табыс етілді.

Салтанатты рәсімді тамашалауға ҚР Президенті Әімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Астана әкімі Әсет Исекешев келді.

Фестиваль шымылдығын ашқан қала басшысы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қонақтарды қошеметтеп, оларға сәттілік пен табыс тіледі, сондай-ақ, «Астана дауысы» фестивалінде Қазақстанның намысын қорғаған танымал отандық артистердің бірі Қайрат Нұртасқа мүсіншені табыстаады.

– Елімізде осындай шараның өткізілгеніне қуаныштымын. Бүгін түрлі мемлекеттердің танымал әншілерімен бір сахнада өнер көрсеттім. Осы кеште Григорий Лепспен таныстым. Оған дуэтпен ән айтуды ұсындым, ол қарсы болмады, – деп күлді Қайрат Нұртас. – Мұндай шаралар түрлі орындаушылармен етене араласып, ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Бұл қажетті іс, мен оны қолдаймын.

Фестивальге Украинаның атынан қатысқан Светлана Лобода да өз өнерін ортаға салды. Әнші сахнаға алғашқылардың бірі болып шыққанымен, көрермендер оны жылы қабылдап, қошеметтеп, қолдап отырды.

– Мен Астананы жақсы көремін, менің концерттерім көп, өкінішке орай, бұл жеке концерттер емес, жақын арада Астанада үлкен жеке концертімді беремін деп ойлаймын. Астананы жақсы тағамдар мен қонақжайлылығы үшін де жақсы көреміз. Барық ұйымдастырушыларға осындай әдем шаралар өткізуді тілеймін, бұл аса қажет нәрсе, жақсы музыка, жақсы артистер бәріне де керек. Фестивальдің жыл сайын өткізілуіне тілектеспін, – деді Светлана.

Мұнымен қоса, артист, алғаш рет қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татқанын, сондай-ақ, Астанада тағамның шеберлігі мен ерекше мәдениетін атап өтті.

Салтанатты шара барысында албаниялық Arilena Ara, Нидерланды артисі Eva Simons, швециялық Arash, Грузиядан Хвича Кварацхелия, румыниялық DJ Sava сынды жұлдыздар өнер көрсетті.

Неміс орындаушысы Oceana кешті қыздыра түсті.

 

– Соңғы рет көп жыл бұрын болғам. Үлкен әсер алдым, өте әдемі. Қазақстандық жұлдыздармен танысқаныма қуаныштымын, – деді ол.

Ал өзін жеке мемлекет ретінде жариялаған швейцариялық артист Kadebostani де құр алақан келмеген екен, ол мүсінше табыстаған Санжар Мәдиге ақша берді.

Белорус әншісі «Бьянканың» «Музыка» композициясын көрермен қауым шаттана қабыл алды. Оның ізін ала сахна төріне Түркиядан келген Ilyas Yalcintas, молдавиялық Sunstroke Project және АҚШ өкілі Polina шықты. Кешті қонақтар тағатсыздана күткен әнші Григорий Лепс қорытындылады.

Фестивальді тамашалаған беделді қонақтар өз пікірлерімен бөлісті. Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Давлетьяров әуезді кешті тамашалауға қуана келгенін және алған әсері әлі ұзақ уақытқа сақталатынын жеткізді.

– Біріншіден, Қазақстанға келгенімен қуаныштымын, мұнда әлем елдерінен ең үздік артистер бас қосты. Бүгін 15 мемлекеттің өкілі келді. Жүргізушілер дұрыс айтты, біз әдетте көлікпен келе жатып, спортпен шұғылданғанда тыңдайтын әндеріміздің орындаушылары осында өнер көрсетті. Мен олардың әрқайсысымен танысып, естелік суретке түсуге ниеттімін. Тіпті, Ресейде де мұндай деңгейдегі фестиваль өткен емес, сол себепті ұйымдастырушыларға, қала әкімдігінде осындай музыка мерекесін тарту еткендері үшін алғыс айтамын. Осы жолы Қазақстанға менімен бірге екі ұлым келді, олар мұнда болған емес. Екеуі таңертеңнен бері экскурсияға барып, кейін түнімен көргендерін әңгімелеп шығады. Алған әсерлері керемет. Домбыра, қамшы, жебе сатып алыпты. Қонақ үйдегі бөлмеміз шағын киіз үйге айналғандай. Ұлдарым үйге қайтқысы келмейді. Астанаға тағы да келуге асық. Сол себепті жылы қабылдап, құрмет көрсеткен қазақстандықтарға мың алғыс, – деп ағынан жарылды Арман Давлетьяров.

Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы