Қала тұрғындары мен қонақтарына мәдениет және мұраға саласында қызметтерді алу жөнінде кеңес берілді

31.08.2017

Астана қ. мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігімен бірлесе отырып ашық есік күнін өткізді.

Қала тұрғындарына мәдениет мәселелері бойынша кеңес берілді: мәдениет саласында мемлекеттік қызметтер, мұрағаттар саласында мемлекеттік қызметтер, кадр және мәдениет саласында мемлекеттік қызметтер.

-Негізінде бұл өте пайдалы кездесу болды, бұл тұрғындардың мұрағаттық анықтама алып, мәдени құнды заттарды шетелге шығару, мәдениет саласында жұмысқа орналасу мәселелеріне қатысты сұрақ қоюға болатын алаң. Бүгінде елордада қалалық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына тиесілі 17 кітапхана, 6 театр,  3 мұражай, цирк, саябақтар мен басқа кәсіпорындар жұмыс істейді, – дейді Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.

Жалпы алғанда 2017 жылдың басынан 4000 адам мұрағаттық анықтамалар алған.

–  Көбіне архивке өзінің қызметін тоқтатқан ұйымдардың құжаттары тапсырылады. Әлі қызмет көрсетіп жатқан компаниялар құжаттар мен қағаздарды шамамен  20 жыл сақтайды, кейін оларды архивке тапсырады. Әдетте мұрағаттық анықтамалар өтініш жасағаннан кейін 15 күн ішінде беріледі, – деді елордалық мұрағат қызметкері Мөлдір Шұғралинва.  

Мұрағаттық анықтамаларды алу бойынша қызмет алғысы келетіндер Астана қ. мемлекеттік мұрағаттың канцеляриясына 8 (7172) 21-66-16 телефон нөмірі бойынша хабарласа алады, немесе Әуезов 3 көшесі бойынша мұрағаттық анықтаманы алу жөнінде өтінішпен келе алады, оған қоса www.egov.kz. электронды үкімет порталы да жұмыс істейді. Құжаттың қайда жатқаны жөнінде ақпаратты www.gosarchive-astana.kz сайтынан білеуге болады.

Ашық есік күніне келген келушілер мәдени құнды заттарды шетелге шығару мәселесі қызықтырды. Атап өткен жөн, мәдени құнды заттарға көне музыкалық құралдар, картиналар мен артефактілер, әшекей бұйымдар, тарихи кітаптар мен басқа заттар жатады. Бұндай заттарды шетелге 6 айға дейін шығаруға болады, 6 айдан соң олар ҚР аумағына қайтарылуы керек. 

2017 жылдың бірінші тоқсанында елордада бұндай 60 құжат берілді. Ашық есік күніне келе алмаған тұрғындар 8 (7172) 55-67-65 телефон нөмірлері бойынша хабарласып, қызықтырған сұрақтарын қойып, Астана қ. Бейбітшілік көшесі 11 орналасқан Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына  бара алады.

http://astana.gov.kz