Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша мәдениет қызметкерлерінің Мәдениет қайраткерлерімен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерімен кездесуі

22.09.2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың  20 қыркүйегінде Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Жеңіс даңғылы, 61 мекен-жайы бойынша орналасқан № 3 Астана қаласының балалар кітапханасында мәдениет қызметкерлерінің (Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, «Сәкен Сейфуллин мұражайы» МКҚК, «Астаналық цирк» МКҚК, «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК, «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» ММ, «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК қызметкерлері) мәдениет қайраткерлерімен кездесуі өтті.  

Астана қаласы Мәслихатының III, IV, V және қазіргі шақырылымдарының депутаты, Қазақстан Республикасының құрметті депутаты, Астана қаласы әкімдігінің «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалды мұражай кешені» МКҚК директоры – Оралов Мейрамбай Әскербайұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет белгісі» және «Халықтар достастығы» ордендерінің кавалері, Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК көркемдік жетекшісі – Ешмуратова Куралай Халекетқызы, Қазақстан Республикасының әртісі, әншісә, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» МКҚК директоры – Жұматаев Ернар Құрбанбекұлы кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа барлық азаматтар қарсы әрекет жасауы қажет екендігін, балаларды өз еліне деген патриоттық рухта тәрбиелеу қажет екендігін, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімсіздікті қалыптастыру қажет екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, Жастар театрының директоры Астана қаласының театрларында осы тақырыпқа байланысты қойылымдар әрдайым өтетінін және оған қалаған азаматтың көруіне болатынын хабарлады.

Сондай-ақ, кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жакпаров Камалидин Зиндаевич қатысты. Ол азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру үшін  сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын шаралардың қажеттігін түсіндірді. Мәдениет қызметкерлерінің толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.