«Шабыт» фестивалінде 500-ден астам қатысушы бағын сынайды

01.11.2017

Астанада қарашаның 3-і мен 7-сі аралығында XX «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтеді. Фестиваль номинациялары:  «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Үздік әдеби шығарма», «Актерлік шеберлік».

Фестивальге қатысуға 515 адам өтінім берді. Байқауда 100 адам Астананың намысын қорғайды, қалған қатысушылар Қазақстанның өңірлерінен және Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан, Латвия, Армения сияқты мемлекеттерден келеді.

Қазылар алқасының құрамына Қазақстан, Украина, Якутия, Армения, Сербия, Литва, Германия, Австрия, Мексика, Ресей, Македония, АҚШ, Иордания, Италияның танымал мәдениет және өнер қайраткерлері енді.

«Шабыт» өнер әлеміндегі маңызды оқиға және дарынды жастарға үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік беретін бірегей алаң болып табылады.

 

БАҚ назарына!

3 қарашада сағат 11:00 Астана қаласының әкімдігінде XX «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалің ашылуына орай баспасөз маслихаты өтеді. Осы күні сағат 19:00-де «Астана» концерт залында фестивальдің салтанатты ашылуы болады. Байқау шеңберінде ұйымдастырылатын шаралар мен тыңдаулардың толық кестесі тіркелген.

Сіздерді осы шаралар жайлы ақпарат таратуға шақырамыз.

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ АККРЕДИТТЕЛУ ҚАЖЕТ! Аккредиттелген журналистерге алаңдарға еш кедергісіз өту үшін бейдждер беріледі (кесте тіркелген).

Аккредиттелу үшін журналистер тізімін astana_cultura@mail.ru электронды мекен-жайына жолдау керек. Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 55-69-71, 8-701-777-23-11, Гүлшат Серікбекова.

 

«Шабыт-2017» XX халықаралық шығармашылық
жастар фестивалі
іс-шара кестесі

УАҚЫТЫ АТАУЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ ЖАУАПТЫЛАР
 3 ҚАРАША  
11:00 Фестивальдің ашылуына арналған баспасөз маслихаты Астана қаласы әкімдігінің кинозалы (Бейбітшілік, 11) Гүлшат Серікбекова +77017772311
19:00 «Шабыт-2017» XX Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің салтанатты ашылуы «Астана» концерт залы

(Кенесары к-сі, 32)

Гүлшат Серікбекова +77017772311
                                          4 ҚАРАША  
09:00–11.30

 

«Классикалық музыка» (скрипка) номинациясы бойынша  І кезең ҚазҰӨУ Орган залы

(Жеңіс даңғ., 33)

Оразбайқызы Кербез

+77014553151

09:00–11.30

 

«Классикалық музыка» (альт, виолончель, контрабас) номинациясы бойынша  І кезең ҚазҰӨУ Үлкен зал корп. №2

(Жеңіс даңғ., 33)

Оразбайқызы Кербез

+77014553151

14.30 – 16.30

 

«Классикалық музыка» (скрипка) номинациясы бойынша  І кезең (жалғасы) ҚазҰӨУ Ф.Шопен ат. залы

(Тәуелсіздік даңғ., 50)

Оразбайқызы Кербез

+77014553151

10.00

 

 

 

16.00

 

«Цирк өнері» номинациясы бойынша А Программасы

 

«Цирк өнері» номинациясы бойынша В Программасы

Астаналық цирк

(Қабанбай батыр даңғ., 5)

Сарин Сәкен

+77015385973

                                        5 ҚАРАША  
11.00-13.00

 

«Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша байқау

 

 

 

Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы

(Бөгенбай даңғ., 52)

Манакбаева Айгүл

+77013016622

10:00–13.00 «Ұлттық музыка» (халық аспаптар ансамблі) номинациясы бойынша ІІ кезең Қ.Қуанышбаев ат. Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры

(Омаров к-сі, 47б)

Көкбас Арысбек

+77017057497

14:30–18.00

                                            

«Ұлттық музыка» (домбырамен ән салу) номинациясы

бойынша ІІ кезең (жалғасы)

«Астана» концерт залы

(Кенесары к-сі, 32)

Көкбас Арысбек

+77017057497

14:30–18.00

 

«Ұлттық музыка» (домбыра) номинациясы бойынша ІІ кезең (жалғасы) Бейбітшілік және Келісім сарайы

(Тәуелсіздік даңғ., 57)

Көкбас Арысбек

+77017057497

                                       6 ҚАРАША  
11.45-14.00

 

 

 

15.00-17.00

 

 

 

 

 

17.00-18.00

«Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша марапаттауға арналған жұмыстарды іріктеудің II кезеңі

«Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша қатысушылардың жұмыстарын іріктеу қорытындысын талдау

 

«Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша арналған жұмыстарды іріктеу

 

«Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша қорытынды жасау

Тәуелсіздік сарайы

(Тәуелсіздік даңғ.,52), №1 галерея

Қалыбаев Асқар

+77783419542

10:00-12:30

 

 

15:00-16:00

 

16:00-17:00

 

«Актерлік шеберлік» номинациясы. Актерлермен бірге келесі кезеңге дайындық.

«Актерлік шеберлік» номинациясы бойынша IІ кезең

«Актерлік шеберлік» номинациясы бойынша қазылар алқасының байқау қорытындысын шығаруы және жеңімпаздарды марапаттау

 «Жастар» театры

(Есенберлин к-сі, 10)

Өтегенов Ғалым

+77783546950

                                      7 ҚАРАША  
10.00 «Шабыт-2017» XX Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің лауреаттары мен дипломанттарына дипломдарды салтанатты түрде табыстау ҚазҰӨУ, Ж. Жабаев ат. зал

(Тәуелсіздік даңғ., 50)

Сарин Сәкен

+77015385973

19.00 «Шабыт-2017» XX Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің салтанатты жабылуы. Гала-Концерт, Гран При, Президент Кубогін табыстау «Астана» концерт залы

(Кенесары к-сі, 32)

Гүлшат Серікбекова +77017772311