«Шабыт» фестивалінде цирк өнері номинациясы бойынша қатысушылар өнер көрсетуде

06.11.2017

ХХ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ең көрнекті номинацияларының бірі цирк өнері болып табылады. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Латвия елдерінен келген 40-тан аса конкурсант Астаналық циркте бас жүлде – ҚР Президентінің Кубогын сарапқа салады.

– Біз көрсетілімдерді 2 бағдарламаға бөлдік, барлығы 22 номер болады, оның бірі конкурстан тыс болады. 6 қарашада қорытынды гала-шоуға қатысатын үздік 10 номер анықталады. Қазылар алқасының құрамына қазақстандық қана емес, сонымен қатар, Украина мен Тәжікстанның цирк өнерінің өкілдері енді. Фестивальге кішкентай 7 жастан бастап 29 жасқа дейінгі артистер қатысуда. Олар үшін «Шабыт» аса құнды тәжірибе, үлкен өнер жолына апаратын трамплин іспетті, – дейді «Цирк өнері»номинациясы бойынша қазылар алқасының төрағасы, Астаналық цирктің директоры Ерік Жолжақсынов.

Конкурсанттардың өнерін тамашалауға келендер көп болды. Шара басталмай-ақ есік алдында ата-аналармен, мұғалімдермен және тәрбиешілермен келген балалар топтасып тұрды. Бұл күндері цирк қойылымдары тегін көрсетіледі. 

Шақырылған қазылар алқасының мүшелерінің бірі, Украина Мемлекеттік цирк компаниясының бас директоры-көркемдік жетекшісі Сергей Кабаков елорданың қонақжайлылығы мен фестивальдің жоғары деңгейде өткізілгенін атап өтті.

– «Шабыт» фестиваліне алғаш рет қатысып отырмын. Фестиваль шынымен де жоғары деңгейде өтуде. Бұған дейін артистермен бірге мерейтойлық «Азия жаңғырығы» фестиваліне қатысқан болатынбыз. Қазақстан мен Украинаның арасында цирк өнері бойынша мәдени тәжірибе алмасы және өзара әрекеттестік үздіксіз жүріп тұрады. Биылғы жылы байқау бағдарламасы өне қанық, көпшілік назарына цирк өнерінің барлық дерлік жанры ұсынылған, енді осындай күшті номерлердің ішінен үздіктерін анықтауға тиіспіз, – деді ол.

Сонымен қатар, жарыс барысында біз Латвиялық Ригадан келген қатысушылармен әңгімелсіп көрген едік. Акробатикалық бестік 9-дан 20 жасқа дейінгі жас артистерден құралған.  

– Бізді латвиялық цирк арқылы шақырды. Бапкеріміз өтінім жіберіпті, бақытымызға орай, іріктеуден өте алдық. Қатысушылар мықты, біз де өз күшімізге сенеміз. Әрине, әлі кәсіпқой емеспіз, бірақ цирк студиясында оқимыз. Жалпы 30 бала жаттығамыз, көбі кішкентай кезінен бастаған. Байқауға бүгін ғана келдік, сондықтан әлі ешкіммен танысып үлгерген жоқпыз, бірақ бәсекелестік жоғары екендігі көрініп-ақ тұр, – дейді Даниэла, Марьяна, Яна, Симона және Ксюша.

Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы