Шабыт» фестивалінің Бейнелеу өнері номинациясы бойынша қатысушылар көп

06.11.2017

«Шабыт» фестивалінде «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша 200-ден аса жас суретші мен мүсінші бағын сынауда.

Биыл аталған номинация екі бағытқа бөлінді: мүсін және сәндік-қолданбалы өнер. Қазылар алқасының құрамына танымал суретшілер, қолданбалы өнерде аты аңызға айналған тұлғалар енді, оның ішінде Құттыбек Жақыпов, Батима Заурбекова да бар. Қазылар алқасына Астананың Суретшілер одағының төрағасы, белгілі мүсінші Тоқтар Ермеков жетекшілік етуде.   

– Қатысушылар бірнеше еңбектерін жіберді, олардың ішінде ұжымдық та жұмыстар болды. Оның барлығын Тәуелсіздік сарайының галереясынан тамашалауға болады. Жас дарындар қазылар алқасының назарына гобелендер, картиналар, мүсіндер, керамикалық бұйымдар мен зергерлік әшекейлер, текеметтер мен басқа да заттарды ұсынуда. Өкінішке орай, оның барлығын өткізе алмадық, Екінші кезеңге жүзге жуық жұмыс іріктеп алынды, – деді қазылар алқасының мүшесі Құттыбек Жақыпов. – «Шабыт» жас дарындарға ашылуға, ой-өрісін кеңейтуге және өз күшін бағалауға мүмкіндік береді, фестивальдің ерекшелігі, міне, осы.

Мұнымен қоса, конкурсанттар өнер майталмандарының қалай жұмыс істейтіндерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Шеберлік сыныпты Тоқтар Ермеков өткізді. Шебер қыздың мүсінін жасап, әрбір қадамын түсіндіріп отырды, кемелділіктің құпияларымен бөлісті. Өкінішке орай, қолданбалы өнердің өкілдері өз еңбектерінің қыр-сырын дайын полотноларға қарап қана көсете алды.

Назима Рыспекова Астанаға Алматыдан келді. 4-кус студенті байқауға өз қолымен жасаған сырғасы мен сақинасын алып келген екен.

– Мен бейнелеу өнері мамандығы бойынша білім алып жүрмін, бірақ өз өмірімді зергерлік іспен байланыстырамын. Мен «Бақыт құсы» атты композицияны ұсындым. Сырға мен сақинада қыран бейнеленген, және ұлттық нақыштағы оюлармен өрнектелген. Басқа қатысушылардың жұмыстарымен танысқан соң әлі де көп еңбектенуім керек екендігін түсіндім. Мұнда дарынды жастар көп, – деп Назима өз әсерімен бөлісті. 

Суретшілер арасындағы байқау қорытындысы ертең шығарылады.  Конкурсанттар мүсін мен сәндік-қолданбалы өнер бойынша үш орынға таласады, сондай-ақ Гран-при мен арнайы сыйлықтардың иегерлері анықталады.

Астана қ. Мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы