Жас скрипкашы Жібек Мусургалиева «Шабыт-2017» фестивалінің жеңімпазы атанды

08.11.2017

18 жасар скрипкашы Жібек Мусургалиева ХХ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ҚР Президенті Кубогының иегері атанды. Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі мен жоғары наградалардың иегерлерін марапаттау «Астана» концерт залында өтті.

Дәстүр бойынша әр номинация бойынша қазылар алқасы Гран-при иегерін анықтайды. Кеш осы жеңімпаздарды марапаттаудан басталды.

«Классикалық музыка» номинациясында бірнеше жеңімпаз анықталды: «Академиялық вокал» санатында Ұлпан Әубәкірова, «Альт, виолончель, контрабас» санатында Эльдар Айтбеков, скрипкада – Жібек Мусургалиева көш бастады.

Цирк өнерінде Кирилл Столбовских жетекшілік еткен «Қарсы әткеншек» номерімен Астаналық цирк артистері үздік атанды.

«Халық музыкасы» номинациясында халық ансамбльдері арасында «Қорқыт» ұжымы топ жарды, үздік домбырашы – Ұлан Бакижанов, ал домбырамен ән айтуда Асқар Мұқият жоғары марапатқа қол жеткізді. Үздік әдеби шығарманың авторы – Әбілқайыр Қанат. «Актелік шеберлік» санатында Ұлан Қабыл Гран-при алды. Жеңімпаздарды фестивальдің халықаралық қазылар алқасының мүшелері марапаттады.

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Сахна төрінде жоғаы марапаттаға қол жеткізгендер мен шақыырылған қонақтар өнер көрсетті. Атап айтқанда, Күләйым Қайырбаева, Бибігүл Жанұзақ, Альбина Оганесян және «Рензо» тобы.

Биылғы фестивальдің үздік актері Ұлан Қабылдың көрсетілімін көрермендер қошеметпен қарсы алды. Бұдан басқа, вокалшы Ұлпан Әубәкірованың да орындауы тыңдармандардың көңілінен шықты. Ал белгілі әлемдік хиттерден попурри орындаған «Қорқыт» ансамблі жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жүргізушілер Айнұр Ільясова мен Азат Абыкен кештің көркін келтірді.

ҚР Президенті кубогының иегерінің есімі шара соңына дейін жарияланбады.

«Шабыт» фестивалінің ең жоғары марапатын Жібек Мусургалиеваға елода әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев табыс етті.

– Мен конкурстарға көптен бері қатысып жүрмін. Бірақ «Шабыттағы» жеңіс мен үшін күтпеген жағдай болды. Мен толқып тұмын. Астана қаласының Мәдениет басқармасына мен сияқты жас дарындарға мүмкіндік беріп осындай конкурс ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін. Соңғы кезеңде мен өзім жақсы көретін Арам Хачатурянның концертін орындадым, оны бұрыннан орындап жүрмін, – деді фестиваль жеңімпазы.

Астана қ. Мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы