Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара

27.11.2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру кешенді жоспарды орындау мақсатында 2017 жылғы 24 қараша күні сағат 17.00-де «Жастар» сарайында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өткізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Халықаралақы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өткізді. Шараның барысында  әділдік, адалдық және сатылмаушылық қағидаларын баулуға бағытталған әділдік «Үздік шығарма» және «Үздік сурет» байқауы бойынша мектептер мен колледждердің оқушылары дипломдармен марапатталды.

Шара салтанатты марапаттау кезеңінен кейін Мемлекеттік академиялық филармония, Астаналық цирк, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, «Наз» мемлекеттік би театрының әртістері және Жастар сарайының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. 

Іс-шараға 500 адамнан астам қатысты.