Елордадағы қысқы демалыс: мұз лабиринт пен Аяз ата резиденциясы кішкентай астаналықтарды қуантады

28.11.2017

Астанада Жаңа жылды мерекелеу қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтарының демалысын ұйымдасыру үшін 3 мұз қалашығы мен Астаналық саябақ аумағында қысқы ойын-сауық бағы ашылады.

Үсіміздегі жылы басты үш мұз қалашығын безендірудің тұжырымдамасы мен нобайлары әзірленді. Негізгі және ең үлкен мұз қалашығы биыл «ЭКСПО» көрмесінің аумағында орналасады. Мұз айдынын безендірудің негізгі тұжырымдамасы ретінде «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы» көрмесі таңдалды, сондай-ақ, дүниежүзілік көрмелер тарихындағы анағұрлым танымал  сәулеттік символдар бойынша өзіндік тур өткізу идеясы туындады. Мысалы, биыл Астанадағы мұз қалашығының қонақтары 1851 жылғы дүниежүзілік көрмеде Лондонда Гайд-паркте салынған Хрусталь сарайдың (ағылш. Crystal Palace) фрагментін, 1889 жылы Дүниежүзілік көрменің кіреберісіндегі арка болған Париждің символына айналған Эйфель мұнарасын және т.б. тамашалай алады.

Бұдан басқа, ересектерге арналған екі сырғанақ жасалады. Олардың биіктіктері 5 метр, ал ұзындықтары – 40 метрден болады. Балаларға арналған екі сырғанақтың биіктігі – 2,5 метр, ал ұзындықтары – 14 метр болады. Қалашықта мұздан жасалған шырша композициялары, танымал кинокомикстер мен мультфильмдердің кейіпкерлерінің мүсіндері, Дисней лэнд сарайы мен футуристік стильде орындалған мұз мұнаралар, сонымен қатар, түрлі түсті мұздан Аяз Ата мен Ақшақардың мүсіндері мен түрлі жарық-иллюминациялық шағын архитектуралық пішіндер жасалады.

Жарық-динамикалық жарықтандырылған мұздан жасалған лабиринт кішкентай қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырмақ. Оның ұзындығы 80 метрден асады. Мұнымен қоса, 2018 жыл қарсаңында еліміздің ас шыршасы да «Нұр Әлем» сферасының маңында орналасады.

Тағы да бір мұз қалашығы қалалық әкімдік алдындағы алаңда ашылады. Онда да «ЭКСПО» аумағындағыдай үлкен және екі кішкентай сырғанақ болады. Мұнымен қоса, мұздан Аяз Ата мен Ақшақардың мүсіндері, шығыс күнтізбесіндегі шоқжұлдыздардағы 12 жануардың фигуралары мен мүсіндері қойылады.

Үшінші мұз қалашығы «Студенттік» саябақта орналасады. Мұнда да үлкен сырғанақ жасалады. Астана тұрғындары мен қонақтарына арналған мұз қалашықтары 18 желтоқсаннан бастап ашылады деп жоспарланған. Алайда бәрі де ауа райына байланысты болады. 

Айта кетейік, қысқы кезеңде қала тұрғындарының демалысын ұйымдастыруға орталық Астаналық саябақ алғаш рет тартылып отыр. «Қысқы саябақ» жобасына қысқы демалыстың барлық түрі жатады: мұз айдыны, сырғанақ, қысқы әткеншектер. Егер келушілер өз конькилерін және басқа да керек-жарақтарын ала келсе, мұның барлығы тегін болады. Қалашықтарда жалға беру орындары қарастырылған. Бәрі де әдемі безендіріледі. «Қысқы саябақ» сынап бағанасы 10-20 градус нольден төмен болғанда өз жұмысын бастайтын болады.

Сонымен қатар, Жаңа жыл жақындаған кезде саябақ аумағында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Аяз Ата резиденциясы ашылады. Келушілердің барлығы Аяз Атамен суретке түсіп, оның ізгі тілектерін тыңдау мүмкіндігіне ие болады. Резиденция 7-10 қаңтар күндері жұмыс күндері сағат кешкі 18.00-ден бастап, ал демалыс күндері күндізгі сағат 12.00-ден бастап жұмыс істейді. Резиденцияға кіру бағасы шамамен 1000 теңгені құрайды. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар үшін резиденцияға кіру тегін.

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы