«Шыңғысхан» музыкалық-театрландырылған қойылымы

05.12.2017

Ұлы хан, қолбасшы Шыңғысханның аты(1162–1227) ертеден аңызға айналған. Ол бытыраған тайпаларды үлкен бір империяға біріктіріп, оны бірнеше онжылдық бойы басқарған. 1206 жылы Шыңғысханмен құрылған мемлекет әлем тарихындағы Дунайдан Жапон теңізіне дейін және Ежелгі Русь Комбоджиға дейінгі шекаралас аумақты өзіне қамтыған. Ол тарих беттеріне Қытайға, Орта Азияға, Кавказ бен Шығыс Еуропаға жаулап алушылық жорықтарын ұйымдастырған талантты қолбасшы ретінде енді.   

Шыңғысханға әлемнің көптеген тілдерінде тарихи романдар жазылып,  көркемдік фильмдер түсірілді. 2000 жылы американың «Time» журналы Шыңғысханды «мыңжылдық адамы» деп жариялады. 2017 жылы Шыңғысханның қайтыс болғанына 855 жыл толады. Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымдары 7 желтоқсан күні сағат 19.00-де «Астана» концерт залында өтетін «Шыңғысхан» музыкалық театрландырылған қойылымын осы күнге ұштастырды. 

Қойылымның астарында «әлемді жаулаушының» өмірінен өмірбаяндық мәліметтер бар: көрермендер Шыңғысханның таңғаларлық басқаруының боямасыз тарихын, туған жеріне деген адалдығын, ержүректілігі мен қайсарлығын көреді.

Жоба авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры және көркемдік жетекшісі Сәкен Әбдірахманов.

Қойылым режиссеры – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

Қойылым сценарийін Қарлығаш Нүркенова, Гаухар Ержанова және Маржан Мырзабекова жазған.

Рөлдерді Жанқалдыбек Төленбаев (Шыңғысхан), Жәнібек Мұсаев (Мұқали), Нұрсұлтан Есен (Жамуха), Жасұлан Ерболат (Боршы), Лаура Мукаева (Бөрте), Нұрбол Балапанов (Угэдэй), Нұрай Танабаев (Майқы би), Гүлназ Балапанова (Оулен), Данияр Мұқан (Құбылай), Асхат Кошаев (Субедей), Рахат Бегасылов (Жебе), Алтынбек Әбілда (Желме), Жақсыгелді Маясаров (Шагатай), Жалғас Сұлтан (Төле), Дихан Ильяшев (Жошы) сомдайды. Қойылымның ерекше сәні астаналық филармонияда жұмыс істейтін композиторлар жазған музыка болып табылады. Көрермендер Еділ Құсайыновтың «Есугей», Мұхаметқали Тінәлиннің «Боршы», Арман Жайымның «Ұлы дала», «Оулен», «Мәңгілік ел», Шолпан Қорғанбектің «Жамуха», «Бөрте», «4 нөкер», Айтқали Жайымовтың «4 ұлы» және Нурлан Бекеновтың «Мұқали» атты шығармаларын тыңдайтын болады.

Музыканы қазақ оркестрі (көркемдік жетекшісі және бас дирижеры – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов, дирижер – Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов) мен камералық хор (көркемдік жетекшісі және дирижеры – Мәдениет қайраткері Гүлмира Құттыбадамова) орындайды. Сонымен қатар, кеште «Шалқыма» халық би ансамблі (көркемдік жетекшісі – Мәдениет қайраткері Әбдірасул Есекеев) өнер көрсетеді. Қойылымның ұзақтығы 90 минут, билеттің құны – 1000-2000 тг.

Астана қ. Мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы