Елорданың аусуына арналған фото-деректі көрменің тұсаукесері өтеді

06.12.2017

2017 жылғы 7 желтоқсанда сағат 16:00-де Ақмола қаласын, қазіргі Астана қаласын еліміздің елордасы деп жариялаудың 20 жылдығы қарсаңында Астана қаласының Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты «Тоғыз жолдың торабындағы Астана» атты фото-деректі көрменің тұсаукесерін өткізеді.

Көрменің мақсаты астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру тарихын және жаңа елорданың салынуын көрсететін құжаттармен қаланың тұрғындары мен қонақтарын таныстыру болып табылады. Егемен Қазақстанның жаңа астанасы статусын алуына байланысты дамудың жаңа кезеңдерін бейнелейтін Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қорларынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатынан, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған құжаттар алғаш рет ұсынылып отыр. Олардың ішінде: елорданы көшіру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы, Ақмола қаласына көшірудің салтанатты рәсімін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі республикалық ұйымдастыру комитеті отырысының хаттамасы, қаланың салынуы туралы материалдар, қаланың паспорты, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы және басқа да қызықты құжаттар бар.

Көрменің ең жарқын тұсы – Астананың бірінші әкімі Ә.Р. Жақсыбековтің жеке қорынан алынган құжаттары, наградалары, Ақмола қаласына жоғарғы және орталық органдардың көшірілуі бойынша мемлекеттік комиссиясының төрағасы Ф.Х Галимовтің жеке қорынан алынған бірегей фотоматериалдар болып табылады.

Мұрағаттық құжаттарға қосымша ретінде Астана қаласы әкімдігіне шетел делегацияларының атынан әртүрлі жылдары берілген сыйкәделер мен сыйлықтар болып табылады.

Көрменің ашылуына ғалымдар, тарихшылар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мұрағатшылар, ғылыми қызметкерлер, қоғам өкілдері қатысады.

Қазақстанның тарихында астананы Ақмолаға ауыстыру біздің мемлекетіміздің дамуында ерекше жайттердің бірі болып саналады және Ақмола бірқатар факторлардың арқасында таңдалды. Олардың ішінде, географиялық орналасуы, оның жағдайы, транспорттық-коммуникациялық жүйесі және т.т. Оған қоса, еліміздің жалпы ішкі саясатын тиімді іске асырумен, жақын және алыс шетелдермен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтумен байланысты геосаяси мәселелерді  шешу және болашақта мемлекетіміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін Еуразия экономикалық мегаполистерінің бірі ретінде қарастырылды.

Көрме Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының Көрме залында ағымдағы жылғы желтоқсанның аяғына дейін өз жұмысын жалғастырады (Әуезов көшесі, 3). Байланыс телефондары: 21-43-19; 21-63-31

Астана қ. Мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы