Тәуелсіздік күні құрметіне мерекелік отшашуды Астананың үш ауданында тамашалауға болады

12.12.2017

16 желтоқсанда Қазақстан ел тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өтеді. Мерекеге орай Астанада түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады. Барлық мәдени мекемелерде бір апта бойы Тәуелсіздік күні құрметіне көрмелер, конкурстар, театрландырылған қойылымдар мен концерттер өтеді.

Бірқатар шаралар 11 желтоқсанда өтеді. «Наз» мемлекеттік би театры елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына «Тәуелсіздік тірегі – Астана» атты музыкалық концерт ұсынады, Сәкен Сейфуллин мұражайында «Ел  жүрегі  – Астана» көрмесі ашылады, сонымен қатар, «Алжир» музейінде «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» экспозициясы өз жұмысын бастайды. Тәуелсіздік сарайы Астана қаласының Суретшілер одағымен бірлесіп «Тәуелсіздік белгісі – Астана» картиналар көрмесінің тұсаукесерін өткізеді.

14 және 17 желтоқсанда «Астана» концерт залында Симфониялық оркестрі мен «Сарыарқа» халық аспаптары ансамблінің Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орайластырылған концерттері көпшілікті қуантпақ. Ал 16 желтоқсанда сағат 19:30-да мұнда «Ән мен әнші» мерекелік концерті көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын болады.

Театр сүйер қауым премьералар мен тарихи спектакльдер тамашалайды. 14 желтоқсанда «Жастар» театрында қырғыз жазушысы Жаныш Қулмамбетовтың драмасының желісі бойынша «Жасауыл» қойылымының тұсаукесері өтеді. 16 желтоқсанда Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Абылайханның арманы» атты тарихи драма көрерменнің назарына ұсынылады, осы күні М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында екі спектакль көрсетіледі – «Братец Лис и братец Кролик» ертегісі мен ересектерге арналған «Мастер и Маргарита» эклетикасы. Мұнымен қоса, мереке күндері балалар Қуыршақ театрында «Атамекен» ертегісін тамашалайды. 17 желтоқсанда сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында танымал артист Ғаділбек Жанайдың «Керек екенсің» атты жеке концерті өтеді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Астанада екі ірі шара ұйымдастырылады. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерттер ашық алаңдарда өтеді. 16 желтоқсанда мерекеге орай елордада Әлішер Каримов, Әли Оқапов, ағайынды Жүгінісовтер, Маржан Арапбаева, Асқар Жүнісбек, «АртДомбыра» триосы өз өнерлерін ортаға салады. Мерекелік шаралар Қалалық алаңда және «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаңда өтеді. Басталуы – сағат 18:00-де. Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына мерекелік отшашу ұсынылады. Отшашу 16 желтоқсанда сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауында, «Хан Шатыр» СОСО жанында және Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшелерінің қиылысындағы гүлбақта ұйымдатырылады.

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы

2017 жылғы 11-17 желтоқсан аралығында
Астана қаласының мәдениет мекемелерінде өтетін
шаралар жоспары

Күні мен уақыты Шара атауы Өтетін орны
11 желтоқсан
15.00
 «Тәуелсіздік тірегі – Астана» атты «Наз» Мемлекеттік би театрының концерті «Наз» Мемлекеттік би театры
11-16  желтоқсан  «Ел  жүрегі  – Астана» көрмесі С. Сейфуллин атындағы мұражай  
11-17 желтоқсан  «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» слайд көрмесі  «Алжир» мұражайы
11-17 желтоқсан «Тәуелсіздіктің белгісі – Астана» атты Астана қаласының суретшілер одағымен бірлескен көрмесі Тәуелсіздік сарайы
11-17 желтоқсан  «Еркіндіктің дастаны – Астана» сурет көрмесі Тәуелсіздік сарайы
11-30 желтоқсан  «Елбасы арманы – асқақ Астана» суреткөрмесі Тәуелсіздік сарайы
11 желтоқсан
19.00
 «Тәуелсіздік талғаулы» Республикалық байқауы  «Астана»концерт залы
14 желтоқсан
15.00
Тұсаукесер Ж. Құлмамбетов «Жасауыл», драма  «Жастар» театры
14 желтоқсан
19.00
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған симфониялық оркестрінің концерті  «Астана»концерт залы
15 желтоқсан
12.00, 14.00
Қ. Ешмұратова «Қаңбақ шал», ертегі Қуыршақ театры
16 желтоқсан
11.00
С. Астраханцев «Братец Лис и братец Кролик», ертегі М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
16 желтоқсан
12.00, 14.00
Қ. Ешмұратова «Атамекен», ертегі Қуыршақ театры
16 желтоқсан
15.00, 18.00
«Алиса в зазеркалье»атты мұз шоуы  «Қазақстан»спорт сарайы
16 желтоқсан
18.00
М. Булгаков«Мастер и Маргарита», эклектика М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
 16 желтоқсан
18.00
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт Қалалық алаң, «Бәйтерек» алаңы
16 желтоқсан
18.30
Д. Рамазан«Абылайханның  арманы», тарихи драма Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялыққазақ музыкалық драма театры
16 желтоқсан
19.30
 «Ән мен әнші» қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт   «Астана» концерттік залы
16 желтоқсан
22.00
Мерекелік фейерверк Есіл өзенінің жағалауы, «Хан Шатыр» ОСО аумағы, Абылайхан және   Пушкин көшелерінің қиылысы
17 желтоқсан
11.00
Г. Андерсен«Дюймовочка», ертегі М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
17 желтоқсан
17.00
 «Думанды ел» атты «Сарыарқа» халық аспаптар ансамблінің қатысуымен концерт «Астана» концерттік залы
17 желтоқсан
18.00
К. Людвиг«Примадонны», комедия М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
17 желтоқсан
18.00
 «Өнерім саған, Тәуелсіздігім» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт (үлкен зал)  «Астана Опера» МОБТ
17 желтоқсан
18.30
Ұ. Есдаулет «Зере»,  драма Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры
17 желтоқсан
19.00
«Керек екенсің» атты Ғаділбек Жаңайдың концерті Бейбітшілік және Келісім сарайы