18 желтоқсанда Астанада Жаңа жылдық бас шыршаның шамдары жағылады және еліміздегі ең ірі мұз қалашығы ашылады

15.12.2017

18 желтоқсанда ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында еліміздегі Жаңа жылдық бас шыршаның шамдарын жағу салтанаты мен Мұз қалашығының ашылуы өтеді. Келушілерге арналған ойын-сауық бағдарламасы сағат 17:00-де басталады, шыршаның шамдарын жағу барысында отшашу болады.

Айта кетерлік жайт, қалашықтағы барлық коснтрукциялар мұздан жасалған, металл және ағаш конструкциялар мен каркастар қолданылмаған.

Ересектер үшін биіктігі 5 метрлік және ұзындығы 40 метрлік 2 сырғанақ жасалды, ал балалар болса, сәйкесінше 2,5 және 14 метрлік сырғанақтарда көңіл көтереді. Сонымен қатар, биыл мұз қалашығының тақырыбы – «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы», сондықтан мұнда 1851 жылы алғашқы ЭКСПО көрмесінде лондондық Гайд-паркте салынған Хрусталь сарайдың және 1889 жылғы көрменің кірер қақпасы – Эйфель мұнарасының мұздан жасалған көшірмелері болады.

Қалашыққа кіре берісте 50 метр ұзындыққа созылған мұздан «Жаңа жыл 2018 Новый год» деп жазылған.

Биіктігі 6 метрлік әйгілі Дисней Лэнд сарайының көшірмесі балалардың ерекше қызығушылығын тудырмақ. Бұдан басқа, миньондардың, танымал комикстердің кейіпкерлерінің, найзағай Маккуинның фигураларының композициялары, сондай-ақ, Аяз Ата мен Ақшақардың үз метрлік мұз мүсіндері көпшілікті қуантпақ. Барлық мүсіндер колерді қоса отырып, мұз генераторымен құрылыс алаңында жасалатын түрлі түсті мұздан орындалады.

Мұнымен қоса, қала қонақтары биіктігі бір жарым метрлік 80 метрлік лабиринтте көңіл көтере алады. Қалашықтың периметрі бойынша футуристік стильде шағын архитектуралық пішіндер тұрады.

Мұз қалашығын жарықтандыру үшін екі жүзге жуық прожектор мен жарықтық LED трубкалар іске қосылды. Еліміздің бас шыршасы «Нұр Әлем» павильонының жанында орналасады.

Тағы да бір Мұз қалашығы қалалық әкімдіктің алдындағы орталық алаңда ашылады. Мұнда мұз айдыны, коньки, ватрушкалар жалға алуға арналған контейнер, қоғамдық тамақтану пункті және үлкен LED экран болады. Сонымен қатар Аяз ата мен Ақшақардан басқа, Жаңа жылдық шыршаның айналасына шығыс күнтізбесіндегі 12 жануардың биіктігі 3,5 метрлік мұздан жасалған мүсіндері қойылады.

Ересектер мен балалар үлкен және кішкентай сырғанақтарда сырғанай алады.

Айта кетейік, қалашықтағы конструкциялардың жағдайы бақыланып отырады, ауа райы жылынған және мұз еріген жағдайда, фигураларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. 

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы