Астаналық саябақ алғаш рет қыста жұмыс істейді

16.12.2017

Астаналық саябақта алғаш рет елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған ойын-сауықтар мен қысқы демалыс ұйымдастырылады.

Астаналық саябақ қаладағы ең ескі және тұрғындардың сүйікті орындарының бірі. Нақ осы себептен мұнда белсенді демалысты ұнататындар үшін үлкен мұз айдыны, биік сырғанақ пен «Bubble tab» қысқы аттракционы («Карусель на плюшках») жасалды. Балалардың жүрегін жаулап үлгерген аттракцион Астанада бірінші рет былтыр ашылған болатын.

Саябақтағы сырғанақтың биіктігі 4 метр, ал сырғанау жолы 50 метрден асады. Мұз айдынының көлемі – 600 шаршы м., айналасында ағаштар бар, кешкі және түнгі уақытта жарықтандырылып, керемет романтикалық атмосфера сыйлайды.

Астаналық саябақтың басты артықшылығы – үлкен ағаштар, бұл қаладан тыс демалыс сезімін береді, сондай-ақ желден қорғайды. Нәтижесінде мұз айдынын жайлы әрі ыңғайлы болады.

Мұз айдыны мен сырғанақ келушілер үшін тегін. Мұнымен қоса, коньки, тюбинг және шананы жалға беру пункті, стационарлық дәмхана мен мейрамхана жұмыс істейді. Астаналық саябақ елорда тұрғындары мен қонақтарын күтеді!

Астана қаласының мәдениет,
мұрағаттар және құжаттама басқармасы