Бүгін Астананың бас шыршасының шамдары жағылмақ

18.12.2017

Бүгін ЭКСПО көрмесінің аумағында “Нұр Әлем” сферасының маңында Астананың бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Кешкі шара қонақтарының назарына мерекелік бағдарлама ұсынылатын болады. Жасыл шырша жанында “I am a Singer Kazakhstan” жобасының финалистері өнер көрсетеді деп күтілуде. Ringo тобы шараның хедлайнері болмақ.

Көрермендер конькимен сырганау бұқаралық шарасының, ал балалар түрлі ойындардың қатысушысы атана алады.

Мерекелік шоу сағат 19:00-де басталады.

http://astana.gov.kz/kk/modules/material/15590