ЭКСПО аумағында еліміздің бас шыршасының шамдары жағылды

18.12.2017

Астанада еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу салтанаты өтті. Биыл алдағы мерекенің ең маңызды атрибуттарының бірі «ЭКСПО» көрмесінің аумағында «Нұр Әлем» павильонының жанында орналасқан.

Еліміздің басты Жаңа жылдық шыршасы 200 мың жарқылдаған шаммен және 6000 шармен безендірілді, бұдан басқа жарқылдаған ілмектер мен әдемі жылтырақтар, қар бүршіктері ілінді. Шыршаның биіктігі – 25 метр.

Шара қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, ал түрлі кейіпкерлер кейпінде киіннген аниматорлар балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, келушілер мерекелік отшашу тамашалады.

Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан ең ірі мұз қалашығы ашылды.

Бұрын хабарланғандай, мұнда ересектерге арналған екі сырғанақ жасалады. Олардың биіктіктері 5 метр, ал ұзындықтары – 40 метрден болады. Балаларға арналған екі сырғанақтың биіктігі – 2,5 метр, ал ұзындықтары – 14 метр болады. Сонымен қатар, биыл мұз қалашығының тақырыбы – «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы», сондықтан мұнда 1851 жылы алғашқы ЭКСПО көрмесінде лондондық Гайд-паркте салынған Хрусталь сарайдың және 1889 жылғы көрменің кірер қақпасы – Эйфель мұнарасының мұздан жасалған көшірмелері болады.

Биіктігі 6 метрлік әйгілі Дисней Лэнд сарайының көшірмесі балалардың ерекше қызығушылығын тудырмақ. Бұдан басқа, миньондардың, танымал комикстердің кейіпкерлерінің, найзағай Маккуинның фигураларының композициялары, сондай-ақ, Аяз Ата мен Ақшақардың үз метрлік мұз мүсіндері көпшілікті қуантпақ. Барлық мүсіндер колерді қоса отырып, мұз генераторымен құрылыс алаңында жасалатын түрлі түсті мұздан орындалады.

Мұнымен қоса, қала қонақтары биіктігі бір жарым метрлік 80 метрлік лабиринтте көңіл көтере алады. Қалашықтың периметрі бойынша футуристік стильде шағын архитектуралық пішіндер тұрады.

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы