Жаңа жыл қарсаңында Астанада Аяз Ата резиденциясы ашылды

25.12.2017

Бүгін, 25 желтоқсанда Астаналық саябақта алғаш рет Аяз Ата резиденциясы өз жұмысын бастады. Саябақтың ортасында орналасқан арнайы үйде барлық келушілерді Аяз Ата мен Ақшақар, көңілді аққала Олаф қарсы алады. Ертегі кейіпкерлері жаңажылдық көңіл күй сыйлайды, ал Аяз Атаның үйінде қонақтар тақпақ айтып, ән шырқайды, тәттілер алып, суретке түсе алады.

Жаңа жылдың бас кейіпкерлері үйде отырмай, орталық аллеяда келушілерді қарсы алып, баршаны келе жатқан мерекемен құттықтайды.

Айта кетейік, мұндай ойын-сауық кішкентай елорда тұрғындары мен қонақтарын қуанту мақсатында арнайы ойластырылып отыр және тегін.

 Резиденция 25 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін жұмыс күндері сағат 14:00-ден кешкі 18.00-ге дейін, және демалыс күндері сағат күндізгі 12-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Сонымен қатар, 16 желтоқсанда Астаналық саябақта алғаш рет елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қысқы демалыс пен ойын-сауық ұйымдастырылды.Белсенді демалысты ұнататындар үшін үлкен мұз айдыны, биік сырғанақ пен «Bubble tab» қысқы аттракционы («Карусель на плюшках») жасалды. Бұл аттракцион Астанада алғаш рет былтыр жасалған болатын және балалардың жүрегін жаулап үлгерді.

Саябақта мұздан жасалған сырғанақтың биіктігі – 4 метр, ал сырғанау жолы – 50 метрден асады. Мұз айдынының көлемі – 600 шаршы м., айналасында ағаштар бар, кешкі және түнгі уақытта жарықтандырылып, керемет романтикалық атмосфера сыйлайды.

Астаналық саябақ қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Оның басты артықшылығы – үлкен ағаштар, бұл қаладан тыс демалыс сезімін береді, сондай-ақ желден қорғайды. Нәтижесінде мұз айдынын жайлы әрі ыңғайлы болады.

Мұз айдыны мен сырғанақ келушілер үшін тегін. Мұнымен қоса, коньки, тюбинг және шананы жалға беру пункті, стационарлық дәмхана мен мейрамхана жұмыс істейді. Астаналық саябақ елорда тұрғындары мен қонақтарын күтеді!

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы