Танымал балалар жазушысы Тілеуғазы Бейсембек астаналық оқушылармен кездеседі

18.01.2018

Қазіргі заманның танымал балалар жазушыларының бірі, ақын, композитор, Қазақстанның Жазушылар одағының мүшесі Тілеуғазы  Бейсембек елордалық оқушыларды өзінің жаңа шығармаларымен таныстырады. Автор ертең №7 және №14 мектеп-гимназияларының 5-6 сынып оқушыларымен, 19 қаңтарда сағат 12:00-де №3 Балалар кітапханасында кездеседі. «Мой автограф» атты шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ұйымдастырылды және Тілеуғазы Бейсембектің 75 жылдығына орайластырылған.

Тілеуғазы Бейсембек қазақ балалар әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосты. Автор балаларға арнап 100-ден астам жинақ пен өлең жазған. Оның шығармалары «Әнші балапан», «Бозторғай», «Балауса» және т.б. республикалық байқауларда талай рет жүлде алған.

Шара барысында балалар ақынның өлеңдерін оқып, кітапханашылар кітап көрмесі бойынша экскурсия өткізеді, оқырмандар автордың «Қыңыр лақ» атты шығармасының желісі бойынша қуыршақ театрының қойылымын ұсынады. Сонымен қатар кітапханада көркем шығармалар көрмесі ұйымдастырылады.

Кештің құрметті қонақтары – жазушының туған-туысқандары мен достары, оның ішінде Қазақстанның Жазушылар одағының мүшесі, балалар жазушысы, «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері Толымбек Әбдірайым, Қазақстанның Жазушылар одағының мүшесі, Еуразия Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Жади Шәкенұлы, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Дарын Елдос Тоқтарбай және т.б.

 

БАҚ назарына!

Сіздерді шарадан ақпарат таратуға шақырамыз. Шара ертең, 19 қаңтарда сағат 12:00-де Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ №3 Балалар кітапханасында (Жеңіс даңғылы, 61 мекен-жайы бойынша) өтеді. Сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 38-20-58, 8-778-230-33-63.

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы