М.Горький атындағы орыс драма театры Астананың 20 жылдығына арналған спектакль қояды

18.01.2018

М.Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театры «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында автордың аңызға айналған «Последние» атты қойылымын қояды. Спектакль Астананың 20 жылдығын мерекелеуге және ұлы орыс жазушысы Максим Горькийдің туғанына 150 жыл толуына арналады.

Классиктің есімі театрға 1959 жылы берілген. М.Горькийдің 1908 жылы жазылған «Последние» атты пьесасы 110 жылдың ішінде театр сахнасында үш рет көрсетілген: 1940 жылы, 1955 және 1980 жылы. Бүгінде ұлы орыс классиктерінің ішіндегі ең маңыздысы Максим Горький деп айту қызық болса да, қажет нәрсе. Классиктің шығармалары театр әлемінде қайта жаңғырып жатыр. Ал «Последние» пьесасын тақырыбының ауқымдылығы, оқиғалар реті, дау-дамайдың тереңдігі мен өткірлігі, Горькидің адамгершілік позициясының биіктігі бойынша «інжілдік» деп айтуға болады. Пьеса өзінің өзектілігімен әсер қалдырады, оның ішінде отбасыдан тыс болып жатқан оқиғалар да, кейіпкерлер сол мәселелерге кеңірек – қоғамдық көлемде тап болады. Горький әлемдік ахуалдың бүгінгі жаһандық қозғалысын алдын ала білгендей. Қоғамды, адамды бұзатын зұлымдықтың тамыры қайда жатыр? Бұл жерде әрқайсымыз ойлануымыз керек…

Мерейтойлық қойылымға елордалық көрерменге Горькийдің «Язычники» спектаклі бойынша белгілі театр өнерінің еуропалық мэтрі, Литва Орыс драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының, Литва Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, сахнаның Алтын кресті мен Ұлттық сыйлықтың иегері Йонас Вайткус шақырылды.

Танымал режиссер Астанада қаңтардың 16-сы мен 22-сі аралығында болады. Йонас Вайткус театрдың суретшілерімен, артистерімен және техникалық қызметкерлерімен жұмыс істейді, сондай-ақ рөлдерді бөлуге қатысады.

 

Ақпарат тарату және сұхбат өткізу мәселелері бойынша мына телефондарға хабарласуға: тел. +7(7172) 320-570, 8-701-338-05-98, 8-777-882-91-17 немесе gorky_theatre@mail.ru эл. мекен-жайына жазуға болады.

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы