Астаналық цирк жолбарыстың туған күнін атап өтті

09.02.2018

Астаналық циркте Ресейден әкелінген Астан атты амурлық жолбарыстың туған күні атап өтілді. Ол екіге келді. Цирк қызметкерлері «Happy birthday to you» әнін айтып, жануарға балауызы бар торт ұсынды, цирк артистері жыртқыштың бисквиттің орнына етті ұнататынын ескергендіктен сыйлық аңға ұнады.  

Жолбарыс цирк артисі болып табылады және әлемнің көптеген елдерінде өнер көрсетеді. Астанды танымал цирк әулетінің өкілі, төртінші буындағы артист Дмитрий Ким жаттықтырады.

Жолбарыс Астанаға «Парад зверей на острове пингвинов» шоуы аясында гастрольмен келген.

Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларының кәсіпқой артистері қатысатын эксклюзивті цирктік шоу Астанада 27 қаңтар мен 25 ақпан аралығында өтеді. Цирктің жаңа бағдарламасы – барлық отбасыға арналған нағыз мереке.

Бағдарламада әуе гимнасттары, акробаттар, сайқымазақтар, сондай-ақ үйретілген аюлар, теңіз арыстандары, пони, иттер мен бірқазандар өнер көрсетеді. Астаналық цирк көрермендері алғаш рет Мадагаскар пингвиндерінің өнерін тамашалайды, олардың жаттықтырушысы Ресейдің еңбек сіңірген артисі Галина Майхровская. Сонымен қатар, бағдарламаға ерекше трюктерді сақтандырусыз орындайтын батыл әуе гимнасттары енді. Адреналин, қызықты номерлер, керемет көңіл күй, әсерлі трюктер кез-келген көрерменге қуаныш сыйлайды. «Парад зверей на острове пингвинов» шоуын әр сенбі және жексенбі күндері тамашалауға болады, билеттердің құны 2000-6000 тг.

Астана қ. Мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы