2017 жылы 9926 мәдени шара өткізілді

13.02.2018

2017 жылы өткізілген мәдени шаралардың барлығы дерлік халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне арналды.

Осылайша 2017 жылы 5 млн адам тамашалаған 9926 мәдени іс-шара өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда мұражайлары 131 көрмені ұйымдастырып, 3433 экскурсияны өткізіп, 104 дәріс оқыды. Астана қаласының театрлары көрермен назарына 1323 спектакльді қойып, 722 концерттік бағдарламаны ұсынды. Бұл шараларға келушілердің саны 2,2 млн адамнан асты. 

Қаладағы 17 кітапхананың жұмысы ұлттық тарихты зерттеу мен насихаттау, оқырмандарды әскери-патриоттық нақышта тәрбиелеу, саламатты өмір салты туралы әдебиетті насихаттау, кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, экстремизмнің алдын алу, терроризмге қарсы қауіпсіздікпен қамту сияқты бағыттарды қамтыды.

2017 жылы кітапханаға келген оқырмандардың саны 70 998 қамтыды. Кітапхана қорында 704 599 дана кітап бар.

http://astana.gov.kz