АЛЖИР мұражайында Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орайластырылған кездесу өтеді

14.02.2018

2018 жылдың 15 ақпанында Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында және Ауғанстаннан кеңестік әскерлерді шығарудың 29 жылдығына орай «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде «Зерде» залында «Ауғанстан трагедиясы» тақырыбында мұражай ұжымының Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуі өтеді.

Шараға Ауған соғысы ардагерлерінің Целиноград аудандық одағының төрағасы Зейнолла Аппасов, Ақмол ауылдық округінің әкімі, Ауған соғысының ардагері Жанат Дүйсекеев, Ауған соғысының ардагері Фикрет Смаилов, Қырымнан Қазақстанға депортацияланған Ақмол ауылының тұрғыны Шевкие Смаилова, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әуе қорғанысы күштерінің № 44813 әскери бөлімінің жауынгерлері қатысады. Жиналғандар Ауған соғысында болған оқиғалар жайлы естеліктерімен бөліседі.

Шара барысында Әуе қорғанысы күштерінің № 44813 әскери бөлімінің жауынгерлері Ауған соғысына арналған әндерді орындайды, жауынгер-интернационалистер туралы «Пришел приказ» атты бейнеролик көрсетіледі.

15 ақпанда жауынгер-интернационалистерді еске алу күні аталып өтіледі – 1989 жылы осы күні кеңестік әскерлерді Ауғанстаннан шығару аяқталды.

Ресми мәліметтерге сәйкес Ауған соғысына жарты миллионнан артық кеңестік жауынгер қатысқан, оның ішінде 14 мыңы ұрыс даласында қаза тапқан. Жауынгерлердің патриоттығының арқасында қазіргі кезде Ауған соғысына қатысқандар батылдық пен Отанына деген адалдықтың белгісіне айналды.

Жыл сайын ақпан айының ортасында барлық посткеңестік мемлекеттерде Ауған соғысында қаза болған жас жауынгерлерді еске алуға арналған шаралар өткізіледі. Олардың көбі 18-19 жаста ғана болған.

БАҚ назарына! Сіздерді 15 ақпанда сағат 11:00-де «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде (Ақмол ауылы) өтетін шара жайлы ақпарат таратуға шақырамыз. Анықтама телефоны: +77024833808, Бақтыгүл.

 

Астана қ. Мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы