Әділбек Мусин Испанияда жүзуден өткен ашық біріншілікте екі күміс медаль жеңіп алды

13.04.2018

Астана қаласының №4 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Әділбек Мусин Испанияда жүзуден өткен ашық біріншілікте екі мәрте күміс жүлдегер атанды. 18 жасар спортшы Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, 50 және 100 метр қашықтыққа баттерфляй үлгісімен жүзуде үздік нәтижелердің бірін көрсетті.

Әділбек Мусин Астана қаласы әкімдігінің №4 ОРМБЖСМ тәрбиеленушісі. Оның алғашқы және жалғыз жаттықтырушысы ҚР еңбек сіңірген бапкері Александр Кудрявцев. Әділбек «№4 ОРМБЖСМ» КММ құрамында өнер көрсетіп, ел чемпионаттарында бірнеше мәрте чемпион әрі жүлдегер атанған. Спортшы 50 және 100 м қашықтықтарға баттерфляй үлгісімен жүзуде ҚР рекордын орнатқан. 2016 жылы желтоқсанда Әділбек Мусинге Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді. Әділбек құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарыстарда да жүзуден ҚР ұлттық құрамасының сапында жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Ол талантты және перспективті спортшы.

Бұдан басқа, Испанияда жүзуден өткен ашық біріншілікке 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландиннің де қатысқанын айта кеткеніміз жөн. Қазақстанның үздік жүзушілерінің бірі браспен 200 м жүзуде, сондай-ақ 50 және 100 м қашықтықтарда көш бастады.Осылайша, жүзудің бұл үлгісіндеДмитрий Баландин барлық үш алтынды жеңіп алды.

Сонымен қатар, қазақстандық құрама қатарында ақтөбелік Айбек Камзеновпен тараздық Әділ Қасқабайда өнер көрсетті. Аталған спортшылар да Испанияда өткен жарыста жақсы нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Жалпы, Малагада өткен турнирде қазақстандық спортшылар сегіз медаль иеленді – үш алтын, үш күміс және екі қола.

ИспаниядағыХалықаралық турнир қазақстандық спортшылар үшінбиыл Индонезияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі болып табылады.

Астана қаласының мәдениет
және спорт басқармасы