Елордада осы аптада өтетін мәдени шаралар кестесі

16.04.2018

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 16-22 сәуір аралығында өтетін мәдени шаралар кестесін ұсынады.

Қала тұрғындары мен қонақтары 16-22 сәуір аралығында Тәуелсіздік сарайында қолданбалы өнер көрмесі «Ұлы дала мұрасы», «Қазақстандық суретшілердің шығармалары», «Гүлдің нәрі», суретші Өмірбек Тлеулиевтің жеке көркем көрмесі және «Мейірім үшін алғыс» фотокөрмесін тамашалай алады.

18 сәуір күні сағат 20.00-де «Астана» концерт залында Қазақ эстрадасының әншісі Қанат Үмбетовтің «Сезімді қайтейін» атты концерті,19 сәуір сағат 19:30 «Астанаға арнау» атты симфониялық оркестрдің концерті, 20 сәуір сағат 19:00-де «Берекелі Рамазан» атты концерт, 22 сәуір сағат 15:00-де және сағат 19:00-де Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналғанкеш өтеді. 

Ал «Жастар» театрында 19 сәуір күні сағат 11.00-де «Ұр тоқпақ» халық ертегісі, сағат 16.00-де Б. Соқпақбаевтың «…Көзіме бір көрінсең бала ғашық…» сахналық повесть, 20 сәуір сағат 19:00-де Д. Саламаттың «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» элегиясы, 21 сәуір сағат 16.00 Т. Миннуллиннің «Диляфруздың төрт күйеуі» комедия, 22 сәуір сағат 19:00-де Н. Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғыз әуен» театрландырылған-концерттік бағдарламасы қойылады.

Бейбітшілік және Келісім сарайында 19-21 сәуір күндері сағат 18:30-да «Жайдарманның» жоғары лига ойындары өтеді.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 19 сәуір күні сағат 11:00-де В. Орловтың «Золотой цыпленок» ертегісінің тұсаукесері, 21 сәуір күні сағат 11:00-де Г. Андерсеннің «Дюймовочка» ертегі, 21 сәуір сағат 18:00-деБ. Пармановтың «Алпамыс батыр», «Алпамыс» қазақ қаһармандық эпосының желісі бойынша қойылым болады.

21-22 сәуір сағат 12:00, 14:00-де Қуыршақтар театрында А. Салаеваның «Происшествия на дорогах города» ертегісі қойылады.

http://astana.gov.kz