Астаналық велосипедшілерге қауіпсіз жүру ережелері түсіндіріледі

16.04.2018

Астанада қаланың жолдары мен тасжолдарында велосипедпен жүру кезінде ережелерді сақтау бойынша брифинг өтеді. Кездесу жолдарда велосипедшілердің қатысуымен орын алатын бақытсыз жағдайларды болдырмау мақсатында велосипедпен жүру маусымының ашылуы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Брифинг аясында Астана қаласының ІІД өкілдері велосипедпен қауіпсіз жүрудің негізгі ережелерін түсіндіреді және барлық қойылған сұрақтарға жауап береді. Шараға велосипед спортынан ҚР олимпиадалық дайындық орталығының, Қазақстанның велосипед спорты федерациясының жаттықтырушылары мен спортшылары, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің №6 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері шақырылды.

Баршаңызды велосипедпен қауіпсіз жүру ережелеріне арналған брифингке қатысуға шақырамыз. Тіркелу қажет емес. Шараны №6 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебімен және Астана қаласы әкімдігінің мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебімен бірлесе Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырады.

Брифинг ертең, 18 сәуірде, сағат 11:00-де Қажымұқан Мұңайтпасов к-сі, 9 мекен жайы бойынша «Барыс» СК ғимаратында өтеді.

БАҚ назарына! Сіздерді осы шарадан ақпарат таратуға шақырамыз. Аккредиттелу үшін мәліметтерді astana_cultura@mail.ru электронды мекен жайына жіберу керек. Сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 55-69-71 Гүлшат Серікбекова.

Астана қаласының Мәдениет
және спорт басқармасы