Астанада арбамен билеуден республикалық чемпионат өтті

17.04.2018

Астана қаласы «Назарбаев Университеті» спорт кешенінде «ASTANA DANCE FEST» Халықаралық би байқауы аясында мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында арбамен билеу спортынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Чемпионатқа еліміздің 11 аймағынан биші-спортшылар келіп қатысты. Спортшылар DUO-Standart, Latin, COMBI-Standart, Latin, Single women, Single man және жастар-Standart, Latin бойынша сайысқа түсті. Астаналық спортшылар 5 алтын, 3 күміс және 2 күміс медальдарға ие болды. Спортшылар өткен чемпионатта Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорт клубының намысын қорғады.

 
COMBI-Standart
1 орын – Оторбаев Ардак и Бегленова Айдана;
2 орын – Ли Артур и Коканова Асыл;
3 орын – Седуали Макталбек и Тынабекова Карлыгаш.

 
COMBI- Latin
1 орын – Оторбаев Ардак
 
DUO- Standart
1 орын – Оторбаев Ардак и Тынабекова Карлыгаш;
 
Single women
1 орын –Тынабекова Карлыгаш, Коканова Асыл
 
Жастар-Standart
2 орын – Ли Артур
 
Жастар-Latin
2 орын – Ли Артур
3 орын – Шарипов Диас