13 жасар астаналық хоккейшілер ел чемпионы атанды

17.04.2018

Астанада 2005 ж.т. балалар мен жасөспірімдер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. «Астана» 2005 командасы 2017/2018 маусымда ең көп ұпай жинап, туринирлік кестеде бірінші орынға тұрақтады.

Турнир төрт турмен өтті. Барлық ойындардың қорытындысы бойынша «Астана» командасы Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы атанды. Спортшылар ең көп ұпай (69) жинады.

Өскемендік жас хоккейшілердің «Торпедо» командасы республикалық жарыста екінші орын алды, ал қарағандылық «Юность» командасы қола жүлдені қанағат тұтты.

Алдағы екі маусымды елордалық команда күміс және алтын медальдармен аяқтаған болатын. 

Астана қаласының мәдениет
және спорт басқармасы