«Астана Опера» жаңа театры «Біржан мен Сара» қойылымымен ашылмақ

06.06.2013

Маусым айының аяғында Астанада 1250 орынға есептеліп салынған «Астана Опера» атты жаңа Мемлекеттік опера және балет театрының тұсауы кесілмек. Жаңа театр сахнасының шымылдығы қазақ опера өнерінің жауһары, композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсымен ашылады.

Ағымдағы жылы қазақ халқы КСРО халық әртісі, композитор, педагог және қоғам қайраткері Мұқан Төлебаевтың ғасырлық мерейтойын атап өтеді. Ол қазақ музыкасының бірегей шебері. «Амангелді» (Е. Брусиловскиймен бірлесіп), ҚазССР мемлекеттік әнұранның авторлары (Е:Г Брусиловский және Л.А. Хамидимен бірлесіп) сынды шығармаларды жарыққа шығарған. Ол камералық шығармалар мен оркестрлер, 50 ден астам ән мен романстарды өңдеп қана қоймай, М. Әуезов атындағы Қазақ драма театрының қойылымдарындағы музыкалардың авторы атанды.

М. Төлебаевтың қазақ опера музыкасына сіңірген құнды еңбегі-  «Біржан мен Сара» операсы. Осы шығармалар арқылы халықтың салы атанған Біржанның ақын Сараға деген махаббат сезімі ғасырдан ғасырға ұласты. Операның жаңа қойылымына режиссер Юрий Александров атсалысса, басты рөлдерді Нұржамал Үсенбаевамен Ахмет Ағади сомдайды.

Мақала Астана қаласының ресми сайтынан http://astana.kz