Жасампаздықтың төріне, жаңғыртудың өріне жетелейтін 20 қадам

Ү.Д.Мұңалбаева
«Атамекен» Қазақстан Картасы»
этно-мемориалдық кешенінің директоры,
педагогика ғылымдарының докторы,
«Қазақстандық мұражайлар
ассоциациясының» төрайымы

Жасампаздықтың төріне, жаңғыртудың өріне жетелейтін 20 қадам


Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы қоғамда серпіліс туғызып, еңбек адамы мен мемлекет арасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының жаңа көкжиегін ашты.

Аталған бағдарламалық мақалада Елбасымыз әлеуметтік жаңғыртулардың мақсаттары мен міндеттерін, негізгі қағидаттарын даналықпен ашып көрсетіп беріп отыр.

Осыған орай, 2001 жылы 8 қыркүйекте Президентіміздің бастамасымен ашылған «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені Елбасының мәні жағынан ұлтқа үндеу болып табылатын бағдарлама мақаласын жүзеге асыру бойынша әрекеттер стратегиясын талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырып отырмыз.

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық танымды – көркемдік кешені, Сіздерді, мемлекеттің тарихымен, онда тұратын халықтардың мәдениетімен таныстырып қана қоймай, еліміздің болашағы жас жеткіншектерді, патриот жастарды да тәрбиелейді. Елбасының бағдарламалық мақаласы жастарды жақсылыққа, жақсы өмірге жетелейді. Сол себепті, бағдарламалық мақаланы «Атамекеннің патриотарымен» бірігіп талқылап, жастардың көзқарасын, алға деген бағыттарын аңғару, бағдарламалық мақаланың мазмұнын балаларға жеткізе отырып, оның жүзеге асуына әрбіреуінің үлес қосу керектігін ұғындыру біздің басты мақсатымыз болып табылады.

Елбасы өзінің бағдарлама мақаласында білім беру жүйесін әлеуметтің ажырамас бөлшегі деп атап: «Білім беру жүйесіне Қазақстан тұрғындарының үштен бір бөлігіндейі тартылған. Мұңдағы ең маңыздысы – біздің балаларымыздың нақ осы білім беру жүйесінде өсетіні, қалыптасатыны және есейетіні. Бұл әрбір отбасын толғантады» деп, білім беру жүйесін жаңғырту үшін басты үш бағытты атап өтті:

  1. білім беру мекемелерін оңтайландыру;
  2. оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту;
  3. білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.

Біздің кешен оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту бағытында үздіксіз жұмыс істеп келеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың қызығушылығын арттырудамыз. Оны күнделікті тәжірибеден де байқауға болады. «Атамекен патриоттары» клубының мүшелері өзге оқушылармен салыстырғанда білімдері терең және көзқарастары жан-жақты дамыған. Аталған клубтың көптеген түлектері Президентіміздің болашақ жобасымен шетелдерде білім алып, ұлттық мәдениетімізді, тарихымызды өзге елдерге танытуда. Сонымен қатар, дүниежүзілік олимпиадаларға қатысып, еліміздің алдыңғы қатардағы ғылым ордаларының гранттарын иеленіп, білімдерін жетілдіруде.

Әлеуметтік жаңғыртудың барысы мен нәтижесіне жауапкершілікті тек мемлекет пен оның барлық басқару деңгейлері ғана емес, сондай-ақ жекеменшік құрылымдар, барлық қоғам бөлісуі тиіс.

Жаңғыртудың табыстылығы үшін әрбір азаматтың өз Отанына пайдалы болуы өте маңызды. Жаңғырту барлық қазақстандықтарға қажет. Осындай түсіністік жағдайында ғана кең көлемді қоғамдық консенсус пен табысқа қол жеткізуге болады.

Жасампаздықтың төріне, жаңғыртудың өріне жетелейтін 20 қадамға әрбір қазақстандық белсенділік көрсетіп, индустриялық-инновациялық дамудың аясында қоғамды жаңғыртуға аянбай ат салысуымыз керек.

Еңбектене білгеннің еңсесі биік. Расында да, ерінбей еңбек еткеннің көп белесті бағындырары белгілі. Осыған орай, Елбасы ел игілігі жолында ерінбей еңбек ету керектігін баса айтты. Бұл мақсатта елімізде қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр. «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің тарапынан Астана қаласының оқушыларын білім деңгейінің тереңдеп, жан-жақты қалыптасуына септігін тигізіп, жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалануға зор үлесімізді қосып келеміз. Балалар Қазақстан тарихына қатысты білімдерін жетілдіріп қана қоймай, әлеуметтік жағдайларын тұрақтандырып, табыс та табады. Ай сайын тиесілі айлықтарын да алып отырады. Осы тәжірибе арқылы біз, оқушылардың бойына еңбекқорлық қасиетті тудырып, еңбектің қадірін түсіндіреміз. «Еңбек етсең емерсің» демекші, әр адам өз еңбегінің қызығын көріп, халқына пайдасын тигізу міндетті. Ал, Елбасының бағдарламалық мақаласы осыны меңзейді.

Әлеуметтік жаңғырту бүкіл қоғамның, әрбір қазақстандық отбасы мен әрбір қазақстандықтың өміріне шынайы сезінерліктей оң өзгерістер әкелуге бағытталған нақты қадамдарды талап етеді. Әлеуметтік жаңғырту «тіптен де мемлекет» үшін жасалмайды, ол әрбір нақты азаматқа қызмет етіп, пайда әкелуге негізделген.

Біз, Президентіміздің әлеуметтік жаңғырту саясатын қолдап, оны жүзеге асыруға барынша тікелей және мүдделі түрде ат салысамыз.