25 лет Независимости РК День города 2016

Қазақстан Республикасының шет елдерге оқуға кететін азаматтарына арналған дін мәселелері жөніндегі ЖАДЫНАМА

Қымбатты отандастар!

Сіздер өздеріңіздің келешектегі тағдырларыңызды айқындайтын мамандық таңдау табалдырығын аттағалы тұрсыздар. Ол – Сіздердің алдағы уақытта қоғамда өз орныңызды таба білуіңіздің, Отанымыздың игілігіне қызмет етіп, табысты әрі жетістігі жоғары тұлға ретінде қалыптасуыңыздың кепілі.
Сіздердің таңдауларыңыз – шетелде білім алу. Әрине, бұл – жауапты сәт әрі ерекше ғибратты міндеттемелерді қажет етеді.
Кез келген мемлекеттің өзіне тән әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрлері, мемлекеттік құрылымы мен қалыптасқан қоғамдық қарым-қатынастар жүйесі бар. Сондықтан шет мемлекетте жүргенде, Сіздер өз Отаныңыздың өкілі екендіктеріңізді, төл мәдениеті мен рухани құндылықтарын естен еш шығармауларыңыз керек. Сіздердің мінез-құлықтарыңыз бен іс-әрекеттеріңізге қарап, дүниежүзі қоғамдастығы Қазақстанды бағалайды, еліміздің бейнесін көз алдына елестетеді.
Сондықтан жалпыға ортақ әдеп пен мораль нормаларын ұстанған жөн, оқу үшін таңдап алған ел дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қастерлеген абзал. Дегенмен, өзге мәдениет аясы, басқа рухани ортаға түсе отырып, өздеріңізді қалыптасқан, өзіндік жеке даму моделі арқасында ілгерілеп келе жатқан зайырлы мемлекеттің өкілі екендіктеріңізді ұмытпағайсыздар!
Алдарыңызға ұсынылған құжат Қазақстан азаматтарына шет мемлекетте өзін-өзі дұрыс ұстау амалдарына, әртүрлі өмірлік жағдайларда дұрыс іс-әрекет жасауға, сонымен қатар өзге елге бейімделе білуді үйретуге арналған. скачать