Әлеуметтік жаңғырту бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыс

Әлеуметтік жаңгырту жоспарының 82 тармағын орындау мақсатында Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы  келесі жұмыс атқарды.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының Мәдениет басқармасымен жыл сайын жастар мен балалардың қатысуымен халықаралық, республикалық және қалалық масштабтағы бір қатар іс-шаралар өткізіледі. Олардың ішінде,   «Аstana Piano Passion» Халықаралық жас пианистер фестиваль-байқауы, «Жас қанат» Республикалық телевизиялық жас орындаушылар байқауы, «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі, «ISDS in Astana» Халықаралық көше билері фестивалі, «Астана кубогі» КТК Халықаралық фестивалі.

Ү.ж. 24-30 сәуір аралығында «Astana Piano Passion» Халықаралық классикалық музыка және жас пианистер фестивалі өткізілді, оған алыс және жақын шетелден 121 жас талантты балалар қатысты. Қазылар алқасында Денис Мацуев (Россия), Ванесса Латарш (Великобритания), Паскаль Эсканде (Франция), Ари Варди (Израиль) танымал  музыканттар  болды, олар байқау аясында өздерінің шеберлік сыныптарын өткізді. Байқауға қатысушылар үш топқа бөлінген (жоғарғы, орта және кіші). Жеңімпаздардың аттары – Омарғазин Нұрсұлтан (Қазақстан), Ломтатидзе Илья (Грузия), Каракулиди Симон (Греция).

Ү.ж. 26-31 мамыр аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында «Жас қанат» XXIV Республикалық жас орындаушылар байқауы өткізілді, байқауға Қазақстанның бүкіл аумақтарынан 100 астам қатысушылар өтінім жіберіп, олардың ішінен 15 адам ғана іріктеуден өтті. Байқаудың жеңімпазы және қаржылай сыйлықтың иегері  көкшетаулық Ринат Темиржан болды.

Ү. ж. 3-8 қараша аралығында кезекті «Шабыт» XVIII Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өткізіледі. Фестиваль келесі номинациялар бойынша өтеді: «Классикалық музыка»,  «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Спорттық сәнді би». Байқаулардан басқа қазылар алқасы мүшелерінің кешкі концерттері, әкімнің қабылдауы, ұйымдастыру комитетінің штабында шығармашылықтың мәселелерін талқылау үшін дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Фестивалдің маңызды бөлігі әлем өнерінің шеберлерінің қатысуымен өтетін шебер сыныптарыны өткізілуі.  Фестиваль жеңімпаздардың марапатталуымен және лауреатардың Гала–концертімен аяқталады.

Сондай-ақ, Қала күнін мерекелеу аясында жыл сайын бір қатар халықаралық деңгейдегі және түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіледі.

Мысалы, 22-28 маусым аралығында «Сахнадан сәлем!» ІІІ Халықаралық театр фестивалі өтті.  Фестиваль бағдарламасында – халықаралық және республикалық театр фестивальдердің жеңімпаз спектакльдері. Конгресс-Холл және астаналық театр сахналарында А.С. Грибоедов атындағы Тбилисс мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Грузия), Тахауи Ақтанов атындағы Ақтөбе облысының драма театры, Наталья Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар және жасөспірімдер театры, Бикен Римова атындағы Талдықорғанның драма театры, Солтүстік Қазақстан облысының Сәбит Мұқанов атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры (Петропавл), М. Әуэзов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры (Алматы), Түркістан қаласының музыкалық драма театры, Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Астана), «Жастар» театры (Астана), М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Астана), Н. Жантурин атындағы облыстық музыкалық драма театры (Ақтау). Театр фестивалінің шетел қонақтары – Тбилисс мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Грузия) және Мәскеу губерния театры, көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі – С.В. Безруков. Мәскеу губерния театры әртістерінің орындауындағы «Сирано де Бержерак» комедиясы тифлотүсінік берумен сүйемелденді.

Алғашқы рет Қала күні аясында 29 маусымнан 2 шілдеге дейін «Құралай» Халықаралық қуыршақ театр фестивалі өткізілді. Фестиваль мақсаты Астана қаласы имиджің арттыру, қуыршақ театры өнерінің заманауи әлемдік тәжірибесін зерделеу және жинақтау.  Фестивальдің жұмысында Байкамела театры (Сербия), Эльфо Театро (Мадрид, Испания), Хозе Наварро қуыршақ театры (Перу), Мельница қуыршақ театры – Театр Тоулевески (Эстония), Тамбовтың мемлекеттік қуыршақ театры (Ресей), “Слон” атты кіші қуыршақ театры (Болгария), “Экият” Татар мемлекеттік қуыршақ театры (Татарстан), “Лухтак” мемлекеттік қуыршақ театры (Тәжікстан), Қуыршақ театры (Бухарест, Румыния) қатысты.

26 маусымда «Даулет» Ұлттық теннис орталығында  І Халықаралық сайыскерлік өнерінің фестивалі өтті. Фестивальға Корея, Қытай, Жапония, Америка, Ресей, Чехия және Қазақстаннан ең үздік шеберлер мен жоғарғы дан иелері шақырылды. Фестиваль бағдарламасында сайыскерлік өнерінің 12 түрі бойынша көрсетілім күрестер өткізілді, олар: айкидо, джиу-джитсу, капоэйра, будзинкан, тай боксы, каратэ годзю-рю, шин кали, кендо, таэквондо, вин-чун, шаолинь, жекпе-жек күрес. Фестивальдың құрметті қонақтары ұйымдастырушылардың ерекше тосынсыйы болды: голливуд актері, айкидо айкикайдың 7 даны иегері – Стивен Сигал; актер, кәсіпкер спортшы, «Бокс елі» мен «Батырлар елі» тележобалардың жүргізушісі – Сергей Бадюк; ресейлік кикбоксер, кәсіпқойлар арасындағы бірнеше дүркін әлем чемпионы – Бату Хасиков.

1-8 шілде аралығында Астаналық циркте «Азия жаңғырығы» VІІІ Халықаралық цирк өнерінің фестивалі өтті. Фестивальдың қатысушылары әлемдік аренаның жетекші әртістері және «жұлдыздары» болды. Фестиваль ұйымдастырушылары қазылар алқасының назарына Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, АҚШ, Испания, Куба, Германия, Қытай, Қырғызстанның ең үздік цирк нөмірлері мен аттракциондардың жиынтығын ұсынды. Фестиваль бағдарламасында жонглер–виртуоздар, ержүрек арқанжүрушілер, әуе гимнастардың бас айналдырар орындаулар, акробатика, ерекше хула-хуптар, ауған тазылары, шығыс түйе керуені, атты-акробатикалық ансамбль және ең күлкілі сайқымазақтар.

4 шілдеде Конгресс-Холлда Астана кубогына КТК Халықаралық фестивалі. Қазылар алқасына және көрермендерге өздерінің ең үздік қалжыңдарын бес команда көрсетті: «Детективное агентство Лунный Свет» Белгород, «Спарта» Астана, «Плохая Компания» Красноярск, «Азия Микс» Бишкек, «Триод и Диод» Смоленск. Төреші командасының құрамында Санкт-Петербордың Таймаз Шариповпен Тимофей Куц және  РУДН командасының капитаны Сангаджи Тарбаев болды.

4-6 шілде аралығында «Қазақ елі» монументінің алаңында «Шаттық» Халықаралық жас таланттар фестивалі өткізілді. Жас әншілер, бишілер, халық орындаушылар Қазақстанның бүкіл аймақтарынан және Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Литва, Қытай, Түркия, Болгария, Тәжікстан, Беларусия, Әзірбайжан, Татарстан, Латвия, Грузия, Армения, Ичкерия Шешен Республика, Португалия, Чехия мемлекеттерінен келіп фестивальдің іріктеуіне қатысты. Фестиваль түрлі жанрда өткізілді, олар: вокал, хореография, фольклор, инструменталдық, ерекше жанр.

4-6 шілде аралығында Сарайшық көшесі бойындағы көпірдің жағалауында «Астана Аспаны» ІІ Халықаралық кайт фестивалі өткізілді. Фестивальдің бас идеясы орасан әуе шоуын ұйымдастыру және Астана тұрғындарымен қонақтарын ғажайып ауе құрылымдармен таңқалдыру. Іс-шараға Ресейдің Prokite командасы, Францияның AWITA Kites командасы, Жерар Клеман және Рамлаль Тиен дизайнерлері, Германиядан Рольф Циммерман, Los Hermanos Show Kites, Педро Гонсалес қатысты.

4-6 шілдеде Жасыл-сулы желек жолында «Astana Art Fest» І Халықаралық қазіргі заманғы өнері мен технологиялар фестивалі өтті. Фестиваль «Astana Expo-2017» көрмесін бейнелейтін үш тақырыптық бөліктен тұрады:  «От энергиясы», «Су энергиясы» және «Ауа энергиясы». Ол шығармашыл балалар үшін шебер сыныптар, көше театрлық қойылымдары және оқыту семинарлары алаңы болды.  Үш мерекелік күн бойы елорда қонақтары мен тұрғындары инновациялық инсталляцияларды және Франция, Германия, Нидерланды, Италия, Испания, АҚШ, Рессей және Қазақстан суретшілердің жұмыстарын көруге мүмкіншілік алды. Фестиваль архитектураны, өнерді, дизайнды және жаңа технологияны біріктірді.

4-5 шілде аралығында қала алаңында «ISDS in Astana» Халықаралық көше билері фестивалі өтті. Фестиваль көше билерінің бір неше түрлері бойынша жеке жарыс және топтық шоуларды ұсынады. Қатысушыларды әлемде белгілі Злата Масло, «Звезды Танцпола 2» на MTV, Aja George, Майли Сайрус, Пинк және Мэдд Чэдд сияқты бишілер мен хореографтар бағалады. Байқау көше билерінің хип-хоп, поппинг, локинг, вакинг, крамп және хаус стильдері бойынша бір неше кезеңде өтті, оның ішінде белгілі бишілердің 5 күндік шеберлік сыныптары.

4-6 шілде аралығында қала алаңында «Астана Самалы» Халықаралық үрмелі оркестрлер фестивалі өтті, оған Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармонияның Үрмелі оркестрі, Ұлттық гвардияның Орталық үрмелі оркестрі, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының Үрмелі оркестрі, сондай-ақ Омбы филармониясының Үрмелі оркестрі қатысты. Фестивальдық бағдарламаға классикалық джаз, халық және эстрадалық музыка шығармалары енгізілген. «Астана Самалы» фестивалінің барлық ұжымдары Республика даңғылы бойы «Астана» Ұлттық сурет галереясынан Қалалық алаңға дейін парад – концерттің жабылуында өз өнерлерін көрсетті.

5-6 шілде күндері «Magic Astana» ІІ Халықаралық сиқыршылар мен иллюзионистер фестивалі өтті. Осы жылы фестивальға әлемнің белгілі иллюзионистері: Оңтүстік Кореядан келген An Ha Lim, картамен қайталанбас фантастикалық өнер көрсетті, Жапониядан келген қонақ, суретші – Jinpei Washiro арнайы кенепте өзінің ғажайып суретін ұсынды,  финалисты шоу «Британия таланттарды іздейді» шоуының финалистері және Ресейден келген  «Юди» би ұжымы өнерлерін көрсетті.

24-26 шілде аралығында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана-2015» Халықаралық авторлық ән фестивалі өтті. Дәстүрлі  фестиваль Қарағанды трассаның 17-ші километрінде «Причал» демалыс аймағында өткізілді. Фестивальдің қонақтары Алексей Иващенко, Александр Родовский, Андрей Ширяев, Раиса Нур, Андрей Козловский (Мәскеу), Роман Ланкин (Томск), Женис Искаков (Омск) сияқты белгілі авторлар мен орындаушылар болды. Байқаушылар мен қонақ арасында Челябинск, Екатеринбор, Омск және алтай авторлық ән клубтарының өкілдері болды.

Одан басқа, Қала күнін мерекелеу аясында түрлі бағыттағы концерттер жоғары дәрежеде өтті. Мысалы, 28 шілдеде «Қазақстан» Орталық концерт залында «Наз» Мемлекеттік би театрының 15-жылдығына арналған «Шежіре – би тілімен өрнектелген» атты концерт өткізілді. Концертте бишілер «Қазақ Хандығының 550-жылдығы», «Жеңістің 70-жылдығы», «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы» тақырыптарын би өнерімен аша білді және концертке қазақстандық эстрада жұлдыздары Тамара Асар, Ардақ Балажанова, Айгүл Иманбаева, Жанар Айжанова, Маржан Арапбаева, Жастар театры, «Пай-пай» этно-инструменталды топ, «Өрнек» сән салоны қатысты.

1 шілдеде Конгресс-Холл сарайында «Семь нот моей жизни» атты Нұрлан Абдуллиннің шығармашылық кеші өтті, оған достарымен әріптестері қатысты: «МузАрт», «Дервиши», Жұбаныш Жексенұлы, JCS, Асылбек Еңсепов, Сейфуллин Жолбарыс, The Jigits. Әртістің өмірі мен шығармашылығындағы үлкен белестің нәтижесін шығарып қоймай, келесі кезекті кезеңге есеп берудің басы болды.

3-5 шілде күндері ашық аспанның астында «Астана Арена» стадионның қасындағы алаңында Заманауи музыка фестивалі өткізілді. Үш күн ішінде қала тұрғындар мен қонақтардың алдында рок-топтар, хип-хоп-орындаушылар және заманауи диджейлер өнер көрсетті. Үшкүндік музыкалық шоудың қорытындысы ретінде DJ-фестивалі болды, ол жерде әлемнің белгілі DJ Fara, DJ Baur, DJ Nejtrino диджелер мен DJ Smash и DJ Alex Gaudino кештің хэдлайнерлері қатысты. Алаңда қазақстандық және ресейлік Нэр, Da Gudda Jazz, Big Som, Jah Khalib, Карандаш, «Пицца»  және «Krec» топ әртістерінің ең үздік тректері айтылды.

4 шілдеде Бейбітшілік және келісім сарайында қазақстандық шоу-бизнестің барлық жұлдыздарының қатысуымен кезекті “Астана жұлдызы. Ұлттық музыка бәйгесі” музыкалық премияны тапсыру рәсімі өткізілді. Іс-шарада жалпы ұлттық музыкалық премияның қорытындысы шығарылды және келесі номинациялар бойынша марапат берілді: ең үздік орындаушы,  ең үздік ерлер ұжымы, ең үздік қыздар ұжымы, жылдың дебюті, жылдың ең үздік дуэті, ең үздік автор, ең үздік композитор және т.б.

46 шілде аралығында «Хан Шатыр» СОСО аумағында түрік халықтарының көпжанрлы музыкалық мұрасына арналған «Астана-Арқау» дәстүрлі түрік музыка фестивалі өткізілді. Фестивальда түрік халықтарының атынан түпнұсқалық музыканың орындаушылары жиналды. Олардың шеберлігі арқасында көрермен «тірі» музыкалық дәстүрді қабылдауға ерекше мүмкіндіке ие болды.

5 шілдеде «Астанаға тарту» атты қазақстанның дәстүрлі әншілерінің концерті өткізілді, жүргізуші Қарақат Әбільдина. Концертте белгілі 5 мектептің:  Арқа, Сыр өңірі (жыршы, жыраулар), Жетісу мектебі, Шығыс (Алтай-Тарбағатай), Батыс мектебі өкілдері өз өнерін көрсетті, олардың ішінде Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева, Елмұра Жаңабергенова, Рамазан Стамғазиев, Ардақ Балажанова және т.б.

5 шілдеде «Қазақстан» Орталық концерт залында Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының Симфониялық оркестрінің қатысуымен «IL DIVO» классикалық квартеттің концерті өтті. IL DIVO – Гинесс рекордтар кітабына енгізілген халықаралық квартет.

6 шілдеде «Қазақстан» Орталық концерт залында қазақ композитор, дирижер және домбырашы Нұрғиса Тлендиевтің 90-жылдығына арналған  «Жүрегім менің» атты кеш ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламада Симфониялық оркестрінің және Халық қаһарманының қызы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дінзұхра Тлендиева дирижерлығында Н.Тлендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрдің орындауында музыканттың шығармалары орындалды. Кеште отандық эстрада әртістері Роза Рымбаева, Майгүл Қазтұрғанова, Еркін Шүкіманов, Сүндет Байғожин, Мәдина Садвақасова, Муз АРТ тобы және басқалар өз өнерлерін көрсетті.

6 шілде күні Конгрес-Холлда «Көңілді Астана» атты сатира және сықақ кеші өтті. Кеште Көңілді тапқырлар театрының актерлері сүйікті қала Астанамыздағы өмірі, өмірдегі жағдайлар және осы жерде барлық армандар орындалатындығы  туралы өздерінің қайталанбас әзіл-сықақ жанырында айтты. Осы іс-шара халықтың қошеметіне ие болды.

6 шілдеде Оқушылар сарайының ғимаратында «Аялаған Астана!» поп-орындаушылардың республикалық балалар байқауының гала-концерті өтті. Байқау танымал музыка әлеміндегі жас таланттарды табу және олардың шығармашылығын қолдау мақсатында өткізілді.  Іріктеу турында Қазақстанның барлық өңірлерінен 600-дей бала қатысты, соның ішінде  Астана, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Көкшетау, Атырау, Ақтөбе қалаларынан 12 бала іріктеіден өтті. Барлық қатысушылар естелік дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

4-6 шілде аралығында кешкі демалысты ұнататындар үшін  «Қайырлы кеш, Астана» атты кешкі концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Кешті жандандыратын жүргізушілер және жарық лазерлік инсталляциялар жастарға ашық аспанның астында «Студенческий», «Столичный», «Арай», «Жерұйық» саябақтарда және «Байтерек» пен «Қазақ елі» монументтерінің алаңдарында керемет мереке жасады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына «Астана» шоу-балет, «Дабыл» тобы, «Ретро» тобы, Трио «Z», Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармонияы, «Бум» тобы, «Аламан» тобы, «Жалын» тобы, Рүстем Жүгүнусов, Досан Дауылбаев, Медет Шайкелов, Жаңабай Өтегенов, Бұркіт – Аиша, Шахризат, Серік Ибрагимов, Маржан Арапбаева, Алмас Кишкенбаев, «Арлан» театры және басқалар өнер көрсетті.

Іс-шаралардың бір қатары қала тұрғындарымен қонақтарының отбасылық демалысын ұйымдастыруға бағытталған. Мысалы, 4-6 шілде аралығында «Астана – Раrk Land» қалалық саябақтарының фестивалі өтті. Барлық саябақтарда фестиваль қонақтарына тегін шығармашылық шеберлік сыныптары, музыкалық тақырыптық бағдарламалар,  жаздық кинотеатрлар, балалар анимациялық бағдарламалар және әзіл гринобустар ұсынылды.

3-6 шілде аралығында «Хан Шатыр» СОСО  аумағында  «Астана мыңжылдықтар тоғысында» көшпенді өркениет фестивалі өтті. Көпжанрлық, көпфункционалдық іс-шара осы замандағы адамға еуразиялық көшпенділікті мәдени-тарихи үлгі ретінде халқымыздың этикалық, эстетикалық құндылықтарын қалыптастыруға үлкен әсерін тигізді.

Жылсайын Астанада 7 мыңнан астам мәдени іс-шара өтеді, оларды 2,5 миллион адам тамашалайды. Осы негіз шығармашылық ойды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және Елорда тұрғындары мен қонақтарының мәдени қажеттілігі үшін қызмет атқарады.

 

Әлеуметтік жаңгырту жоспарының 83 тармағын орындау мақсатында Астана қаласының әкімдігі келесі жұмыс атқарды.

2015 жылдың басында  Қызылорда қаласы тарихи-өлкетану мұражайы «Атамекен » Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешеніне ақысыз 14 төменде көрсетілген макеттерін ұсынды: «Көкарал» су бөгеті, «Ғанибай» мешіті, «Қорқыт ата» мемориалдық кешені, «Космодром Байқоңыр» ғарыш айлағы, «Қалжан Ахун» мешіт медресесі, «Айтбай» мешіті, «Ортағасырлық Сығанақ қалашығындағы мешіті», «Ә. Тәжібаев атындағы орталық кітапханасы», «Төлегетай-Қылышты» кесенесі, «Тұрмағамбет Ізтілеуов» кесенесі, «Сыр Ана» монументі, «Облыстық әкімдік ғимараты», «Бастау» бизнес орталығы, «Қызылорда облысының жер бедері және жергілікті табиғаттың ерекшелігі Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізі мен Сырдария өзені бейнеленген картасының түғыры» – 250 м2.