Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «100 ТАБЫС ТАРИХЫ» ЖОБАСЫ КАНДИДАТУРАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Қыстықбаев Қуандық Қапсаланұлы, 1977, қазақ, Әртіс, «Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» МКҚК

Театрдың алдыңғы қатарлы әртістерінің бірі. 2002-2009 жылдары аралығында келесі танымал кинофильмдерінде басты рөлдерді сомдаған «Сардар», «Человек ветер», «Келін», «Кто вы, господин К». 2005 жылы Қызылорда қаласында өткен ХІІІ театр фестивалінде «Ең үздік ер адам»  номинациясын жеңіп алды. 2007 жылы  Нижний Новгород қаласында өткен Халықаралық кино фестивалінде «Человек ветер» фильмімен «Ең үздік ер адам» номинациясының жүлдегері. 2011 жылы «Қала күніне» орай «Терең тамырлар» спектаклінде Елбасы ролін сомдады. 2011 жылы Астана қаласы әкімінің «Ең үздік актер» номинациясы бойынша грант иегері. 2013 жылы «Қасым» телефильмінде «Халық қаһарманы» Қасым Қайсеновтың бейнесін сомдады. Театр ұжымының арасында сыйлы, отбасында үш баланың аяулы әкесі.

Нұрқанат Жақыпбай, 1947, қазақ, Көркемдік жетекші, бас режиссер «Жастар театры» МКҚК

1969 жылдан Алматы қаласы Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында актер. Теледидардағы ролі – Шоқан Уәлиханов, Ш. Айманов атындағы «Қазақ-фильм» киностудиясында ойнаған рольдері: «Шоқ пен шер» – Таңат, «Жаңа жыл кешінде» – Сарман, «Жамбылдың жастық шағы» – Саржан. 1983 жылдан бастап театрда режиссер. 40-қа тарта қойылымдар қойды. 1995 жылы Республикалық театрлар фестивалінде М. Әуезовтың «Жас Абай» спектакілімен «Ең үздік режиссер» лауреат атағын жеңіп алды. 1998 жылы Республикалық театрлар фестивалінде Ш. Айтматовтың «Жан азабы» спектакілімен «Ең үздік режиссер» лауреат атағын жеңіп алды. 1998 жылы Мысырда өткен халықаралық экспериментті театрлар фестивалінде Ш. Айтматовтың «Жан азабы» спек-такілімен қатысып, ең үздік спектакльдер санатына қосылды. 2001 жылы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында эксперименталды «МЕН» театрын ашты. Қойылған спектакльдер: «Шыңғысхан», «Мәңгі-лік маха-ббат сазы», «Гамлет», «Ақ кеме». 2003 жылы Қазақстанда ең алғашқы «Қозы мен Баян» атты мюзикл шығарды. 2003 жылы Жастардың халықа-ралық «Шабыт» фестивалінде  «Қозы мен Баян» атты мюзикл «Гран-При» жеңіп алды. Нұрқанат Жақып-байдың қоллдауымен театр келесі жеңістерге жетті. 2006 жылы Ресей Федерациясының шақыруымен, Н. Гогольдің «Ревизор» фестивалінде I орынды лауреат атағын жеңіп алды. 2011 жылдың қыркүйек айының 26-30 жұлдыздары аралығында Алматы қаласында Қазахстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған XIX театрлар фестивалінде С.Раевтың  «Меккеге қарай ұзақ жол» атты қойылымымен Гран-при сый-лығын жеңіп алды. 2012 жылдың қыркүйек айының 16-23 жұлдыздары аралығында Орал қаласында өткен Ә. Мәмбетовтың 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театр-ларының ХХ Республи-калық фестивалінде Н. Гогольдің «Ревизор» қойылымы Гран-при сыйлығын жеңіп алды. 2012 жылы Жастар театры Мәдениет және өнер саласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы сыйлығының лауреа-ты атағы және «Соңғы жылдардағы спектакльдері үшін» белгісімен марапатталды. 2013 жылы Түркияның Конья қаласында өткен «Мың тыныс және бір дауыс» атты түркітілдес театрлардың халықаралық фестиваліне қатысып, арнайы дипломмен марапат-талды. 2013 жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласында жазушы, драматург Т.Ахтановтың 80 жылдығына арналған ХХI респуб-ликалық театр фестивалінде Б.Соқпақбаевтың «…Көзіме бір көрінсең бала ғашық…» қойылымы «Ең үздік жастар образы» номинациясын иеленді. 2014 жылдың қыркүйек айы театр ұжымы үшін табысты болды. Қызылорда қаласында өткен С.Майқанованың 100 жылдығына арналған XXII Республиклық драма театрлар фестивалінде У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясымен топқа түскен Жастар театры ұжымы қазылар алқасының шешімімен «Ең үздік спектакль» – Гран-При жүлдесін  қанжығасына байлады. 2014 жылдың қазан айында Ақтау қаласында өткен Орта Азия мемлекеттерінің V халықаралық театрлар фестива-лінде Гогольдің «Ревизор» қойылымы тағы да топ жарып, труппа мерейін үстем етті. Жастар театры ұжымы «Ең үздік спектакль» – Гран-при және «Ең үздік ер адам бейнесі» жүлдесімен марапатталды. Қойылым режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. Театр ұжымының арасында сыйлы, отбасында екі баланың аяулы әкесі.

Қабатов Тұрсынбек Аманғалиұлы, 1979, қазақ, Көркемдік жетекші – «Астана қаласының көңілді тапқырлар театры» МКҚК

«Разговорный жанр» номинациясы бойынша «Шабыт-2000» Республикалық фестивалінің Гран-при иегері, 2000 жылы «Тасша бала» республикалық конкурсы-ның Гран-при иегері, сондай-ақ, «Аstana.kz» Қазақстан КВН командасының жетекші ойыншысы болған, ТМД елдерінің командалары арасындағы 2010 жылдың үздік ойыншысы. 2010 жылдан бастап театрды басқарады. Оның жетекшілігімен ҚР Тәуелсіздігінің 20-жыл-дығына орай ел арасында «20 жылдыққа 20 концерт» атты гастрольдық тур өткізілді. Қазіргі таңда «Саз әлемі», «Аймақтар аламаны», «Добрый вечер, Қазақстан» және т.б. теледидарлық көңіл көтеретін бағдарламалар мен жобалардың ең үздік тележүргізушілердің бірі. Өнердің әзіл-сықақ жанрының дамуына үлес қосқан танымал сатирик.