Біз туралы

Құрметті астана тұрғындары мен қонақтары!

Мәдениет ұғымы – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасап жатқан қалалар, өнер туындылары, жазу, қарым-қатынас, тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлер, эстетикалық және рухани құндылықтар жиынтығы болып табылады. Мәдениет қоғамда өмір сүре білуге тәрбиелейді, оның талаптарымен, мінез-құлықтарымен санасуды ұғындырады. Мәдениеттің ең басты қағидасы – адамның рухани дамуына, қабілет-дарынының ашылуына мүмкіндік береді.

Осыған орай, біріншіден, елордамызда іске асырылатын жобалар Астана тұрғындарының мәдениетінің дамуына, олардың мәдени демалысына жағдай жасайды. Екіншіден, талантты музыканттарды, әртістер мен суретшілерді қолдауға мүмкіндік береді. Бұл мәдениет ұйымдары желісінің дамуы болып табылады. Елордамызда бой көтерген Бейбітшілік және келісім сарайы, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Тәуелсіздік сарайы, «Қазақстан» Орталық концерт залы, Астаналық цирк елорданың әлемдік мәртебесін паш ететін бірегей ғимараттары санатында тұрғаны баршамызға аян. Әлемге әйгілі Ресей, Австрия, Ұлыбритания, Польша, Словения және өзге де елдердің дирижерлары мен орындаушылары Астананың кәсіби шығармашылық ұжымдарымен жұмыс жасауды үлкен мәртебе санайды. Біздің ұжымдар халықаралық фестивальдар мен конкурстарда еліміздің абыройын асқақтатуда.

Сарайлар, театрлар, мұражайлар, қала кітапханалары ұйымдастыратын мәдени ойын-сауық, мәдени ағартушылық жобалар тұрғындарды ұлттық-мемлекеттік сана-сезімге, бірлікке, патриотизмге шақырады.

Біздің Басқарманың қызметі Астана қаласының мұрағат қызметімен байланысқан. Мұрағат – тарихымыздың бастауы, қоғамдық өмірдегі оқиғалар шежіресін сақтау, болашақ ұрпақ үшін тарихи мұраны сақтап қалу және құнды мұрағат құжаттарын өткен тарихымызды зерттеу мен қайта қалыптастыру бойынша әрі қарай мемлекетімізді дамытудың басты мақсаты болып табылады.

Бүгінгі күні елорда мәдениеті мен өнерінің өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алдымызға қойған мақсаттары мен міндеттеріне жетуге лайықты үлес қосу жолында бәсекеге қабілеттілік ортада жұмыс жасауда.

Сіздерді елордамыздың тарихын сақтауға, жаңа мәдени жобаларды қалыптастыруға, жаңа шығармашылық идеяларды қабылдауға қатысуға шақырамыз.

Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы

Б. Мажағұлов