25 лет Независимости РК День города 2016

«Аялаған Астана» – 2017

ЕРЕЖЕ
«Аялаған Астана» – 2017
жас поп-орындаушылардың
V-республикалық музыкалық телевизиялық
балалар байқауы  – Халықаралық «Детская Новая Волна» байқауының ұлттық іріктеу кезеңіне қатысу жөнінде

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
Астана қаласының әкімдігі, «АРС» компаниясы (Ресей), «Қазақстан» РТРК

 

ҚАТЫСУШЫЛАР
7 және 13 жас аралығындағы (7-ге толған және халықаралық «Детская новая волна» – 2017 байқауының финалы өткенінше 13 жастан аспаған) – дарынды жас әншілер

 

БАҒДАРЛАМА
«Аялаған Астана – 2017» балалар байқауы 2-і кезеңнен тұрады:

 

1-ші кезек – Іріктеу

Өткізілетін мерзімі: 01.01.2017 – 15.02.2017 аралығында    

Іріктеу кезеңіне қатысу үшін үміткерлер Ұйымдастыру Комитетінің электронды поштасына толтырылған Өтінішті (№2 қосымша) және түрлі жанрда (баяу, ырғақты) орындалған 2 (екі) әннің бейнетүсірілімін жолдауы қажет. Әннің біреуін шет тілінде орындаған (ағылшын немесе француз тілі) жөн. Әндер бейнетүсірілімде фонограммасыз «тірі дауыспен» орындалуы қажет. Бейнетүсірілім сапалы болуы, әрі дыбысы айшық естілуі тиіс. Бейнетүсірілімдерді байқаудың Бас продюсері, қазылар алқасының төрайымы Лина Арифулина бастаған музыкалық редакторлар командасы тыңдап, іріктейді. Іріктеу шарттары  Ережеде айтылған (№1 қосымша). Іріктеу кезеңіне Ұйымдастыру Комитетінің ayalagan.astana2017@mail.ru электронды поштасына Өтініш жіберген, әрі бейне материалдарын жолдаған және де аталмыш электронды поштадан тіркелгені жайлы, реттік нөмері берілгені жайлы жазбаша хабарлама алған үміткерлер қатыса алады. Өтініштер 2017 жылдың 15-і ақпанына  (15.02) дейін қабылданады.

Іріктеу кезеңі қортындысы бойынша ең үздік орындаушылар Астанаға көктемгі демалыс уақытында «Қазақстан» Ұлттық арнасында тікелей эфирде өткізілетін ақтық сынға шақырылады. Ақтық сынға қатысатын балаларды ұйымдастыру комитетінің өкілдері хабардар етеді.

Ұйымдастыру комитеті сауалнамада көрсеткен ақпарат шындыққа сай келмеген жағдайда қатысушыны байқауға қатыстырмауға құқығы бар.

2 кезең – Финал

Өткізу мерзімі: 21.03.2017 – 02.04.2017 аралығы

Өтетін орны: Астана қаласы

Финалға өткен қатысушы Астана қаласына белгіленген уақытта келуі тиіс. Байқау, репетиция, байқаудан тыс шаралар Ұйымдастырушы комитеті анықтаған қатаң тәртіп бойынша өткізіледі.

Қатысушылар жиналғаннан кейін Ұйымдастыру комитеті олардың репертуарын, стилін бекітеді. Ұйымдастыру комитеті түрлі қалалардың орындаушыларынан 5 мүшеге дейінгі музыкалық топ құруына құқылы. Бұндай жағдайда аталмыш топ конкурсқа 1 (бір) байқау бірлігі ретінде қатысады.

 

ӘДІЛ-ҚАЗЫЛАР

Байқауға қатысушыларды бағалау халықаралық қазыларға жүктеледі. Олардың құрамына Қазақстанның және шет елдің танымал орындаушылары  кіреді.

Баға беру халықаралық байқаулардың талабына сай ашық дауыс беру тәртібімен 10 балдық жүйе бойынша өтеді. Жеңімпаз оған қоса телекөрермендердің СМС-дауыс беруімен анықталады.

Қазылардың шешімі хаттамамен бекітіледі әрі қайта қаралмайды.

 

СМС – ДАУЫС БЕРУ

СМС-дауыс беру «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінде шынайы уақыт шартында өткізіледі. СМС-дауыс беру қортындылары Халықаралық қазылар алқасы мүшелерінің дауыстарына қосылып, қатысушылардың арасынан жеңімпаз таңдалады. Аталмыш жеңімпаз Халықаралық «Детская Новая Волна – 2017» байқауына Қазақстан тарапынан қатысады.

 

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ

Гран-При – «Детская Новая Волна» – 2017 халықаралық байқауына қатысуға құқық беретін Сертификат және 500 000 теңгені құрайтын арнайы Грант

 

Арнайы сыйлықтар:

Астана қаласы Әкімі атынан арнайы Грант – 250 000 теңге

«Қазақстан» РТРК сыйлығы

Барлық қатысушылар «Аялаған Астана» байқауының дипломы мен сыйлықтармен марапатталады

 

ҚАРАЖАТ ШЫҒЫНДАРЫ

Ұйымдастыру комитеті дайындық кезеңінде қатысушы мен оның жанындағы        1  адамның шығындарын, атап айтқанда Астанаға келіп-кетуі (негізінен т/ж көлігі), жатын орны, 3 мерзім ас, қала ішіндегі көлік шығындарын төлейді.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Астана қаласы, Бауыржан Момышұлы, 5
Оқушылар сарайы, №28 каб.

Куратор Әйгерім Жиенбекова

Жұмыс телефоны: +7 (7172) 70-12-14
Ұялы телефоны: + 7 775 000 57 71
ayalagan.astana2017@mail.ru

№1 қосымша

«Аялаған Астана» жас поп-орындаушылардың
Ұлттық музыкалық телевизиялық балалар байқауына
қатысушыларды таңдаудағы негізгі шарттар

1. Ән байқауына 7 және 13 жас аралығындағы балалар ғана қатыса алады. Оның ішінде жеке орындаушылар, дуэт, трио немесе вокалдық ансамбль болуы мүмкін. Іріктеуден өткен жеке орындаушылар бірігіп, дуэт, трио және ансамбль орындаушылары ретінде финалға қатыстырылуы мүмкін

2. Баланың вокалдық-музыкалық қабілеті болуы тиіс. (Дауыс тазалығы, ырғақ сезімі, әуенді нақышына келтіріп орындау,  a-capella (музыкасыз) орындау және музыканы есте сақтау қабілеті дамыған болуы керек)

3. Түр әлпетінде тартымдылық, өзіндік жарқын бейнесі мен харизмалық сүйкімділік болуы қажет

4. Сахнада бұрын-соңды өнер көрсетіп жүрген, вокалдық ән байқаулардың жеңімпазы болған, әрі ән жобаларына қатысып жүрген, дыбыс, жарық құралдарымен жұмыс жасай алатын балаларға басымдық беріледі

5. Бала еңбекқор, төзімді болуы қажет. Дайындық кезеңі мен телевизиялық түсірілім барысында шыдамдық көрсетіп, тәртіпті, әрі мақсатқа жетуде табандылық таныта білетін бала болуы тиіс

6. Ағылшын тілінде ән орындай алатын, өте аз уақыт аралығында (4-7 күннің ішінде) бұрын-соңды естімеген қазақ, орыс, ағылшын, тіптен француз тіліндегі ән мәтіндерін мүдірмей жаттап алуға дайын болуы тиіс

7. Тембрлiк есту қабілеті дамыған: аккордтың негізгі үнін тыңдай және қабылдай алуы тиіс

8. Оркестрмен ән орындау. Ол үшін:

а) импровизацияға дайын болу, әрі одан қорықпау

ә) ән орындау кезінде темптің өзгеруіне байланысты сасып қалмау

б) басқа акустикалық дыбысқа жылдам үйрену

в) түпнұсқадан ауытқып кеткен аранжировка мен әннің өзгеріп отыратын бағытын қиындықсыз қабылдау


№2 қосымша

 

«Аялаған Астана» – 2017 жас поп-орындаушылардың
Ұлттық музыкалық телевизиялық
балалар байқауының қатысушыларына арналған сауалнама

                                                       

Қала
Орындаушының аты-жөні

 

 

Туған күні

 

 

Толық жасы

 

 

Байланыс телефоны

Ата-анасының аты-жөні